Сүре 101. Қариға
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
1. Зор уақиға,
2. Ол зор уақиға не нәрсе?
3. Ол зор уақиғаның не екенін білесің бе?
4. Ол күні адам баласы таралған паруандай болады.(54-С.7-А)
5. Таулар тутілген жүндей болады.
6. Міне сонда біреудің таразысы ауыр тартса,
7. Онда ол,разы болатын бір тіршілікте болады.
8. Ал енді біреудің таразысы жеңіл тартса,
9. Онда оның орны «һауа» болады.
10. Ол һауаның не екенін білесің бе?
11. Ол,жалындаған от.
Web hosting by Somee.com