Сүре 2. Бақара
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
1. «Әліф Лам Мим»
2.
(Бірнеше сүренің басындағы осы тәрізді жеке әріптер: «Хұрұф Мұқаттағат» бөлшек әріптер деп аталады. Ұғымын Алла біледі.) Міне осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші.
3. Сондай олар көмеске иман келтіреді, намазды толық орындадйы, өздеріне берген несібемізден (Алла жолында) Пайдаландырады.
4. (Мұхаммед Ғ.С.) олар саған түсірілгенге әрі сенен бұрыңғы түсірілгенге сенеді және ахиретке анық нанады.
5. Міне солар Раббылары тарапынан тура жолда және солар құтылушылар.
6. (Делінген бейнеде Құранның тура жолынан пайдалана алатын тақуалардың: Көмеске иман келтіру, намазды толық орындау, Алла жолында мал сарып қылу, кітаптарға және ахиретке нану, бес шарты баян етілгеннен кейін, келесі аяттарда, ескерту пайда бермейтін, қасарысқан кәпірлермен екі жүзді (мұнафықтар) баян етіледі).(Мұхаммед Ғ.С.) расында қарсы болғандарды, үгіттесең де үгіттемесең де бәрі бірдей. Олар иман келтірмейді,
6. ip хақиқат. Алла (Т.) не істегендеріңнен ғапыл емес.
7. Алла олардың жүректерін, құлақтарын бітеген, әрі көздерінде перде бар. Сондай-ақ олар үшін зор қинау бар. (Алла оларды жаратып ой, көз, құлақ берген болса да қарсы келіп қасарысқандықтарынан осы халге келген).
8. Адамдардың кейбіреулері, екі жүзді (мұнафықтар): «Аллаға, ахирет күніне сендік» дейді. Бірақ олар сенбейді.
9. Олар (өздерінше) алланы және иман келтіргендерді алдайды. Бірақ олар өздерін ғана алдағандарын сезбейді.
10. Олардың жүректерінде дерт бар. (Күншілдік дерті). Сонда Алла олардың дертін арттыра түсті. (Мұсылмандар дамыған сайын күншілдіктері қоза түсті). Сондай-ақ оларға өтірікшіліктерінің салдарынан күйзелтуші азап бар.
11. Оларға: «Жер жүзінде бұзақылық қылмандар!»,- делінсе, олар: «Біздер түзеуші ғанамыз» дейді.
12. Сақ болыңдвр! Шын мәнінде олардың өздері бұзақы, алайда олар түсінбейді.
13. Егер оларға: «Адамдар иман келтіргендей иман келтіріңдер!», - делінсе, олар: «Ақылсыздарша иман келтірейік пе?»,- дер. Байқандар! Шын мәнінде олардың өздері ақымақ. Бірақ олар білмейді.
13. жыл жапа шектіріп, Мединеге көшкеннен кейін де қырсоңдарынан қалмай әрі Меккедегі үй- мүліктерін талап алғандықтан, өздері килікпегендерге килікпеу, соғысқандармен соғысу. Сондай қатын бала және дін адамдарына соқтықпай шартымен қорғаныс соғысына әмір түседі.)
14. Ал және олар мүміндерге кездессе: «Біз де иман келтірдік» дер. Әрқашан олар сайтандарымен (бастықтарымен) оңашалана қалса: «Расында біз сендермен біргеміз, біз оларды тәлкек қылып қана жүрміз» дер.
15. Алла оларды мазаққа ұшыратып, азғындықтарында қаңғыртып қояды.
16. Олар қисық жолды туралықпен айырбастап алды. Сонда оларға аудалары пайда бермеді. Әм олар тура жолды таппады.
17. Олардың мысалы: (Далада) от жағып маңын жарық қылғанда, Алла олардың жарығын өшіріп, қараңғылықтарда қалдырған біреу сияқты, (бұл мысалда, екі жүзді мұнафықтар; жаққан оттары өшіп, тым- тырыс қараңғылықта қалғанға ұқсатылып отыр) олар көрмейді.
18. Саңырау, сақау және соқыр болып бетінен қайтпайды.
19. Немесе қараңғылықта күркіреп, жарқылдап көктен нөсерлете құйған жаңбырға ұшырап, нажағайдан өлем деп қорқып, саусақтарын құлақтарына тыққан біреулер тәрізді. Алла кәпірлерді толық баураушы.
20. Олардың көздерін нажағай жұлып әкете жаздайды. Оларға жарық берген сәтте, олар жарықта жүреді де оларға қараңғы болған заманда, олар тұра қалады. Егер Алла қаласа, олардың есту, көру сезімдерін де жойар еді. Алланың әр нәрсеге күші толық жетуші. (Бұл мысалда, Құран және ислам; көзді алардай жарқылдап, күркіреп құйған нөсерге, мұнафықтар; нажағайдан қорқып, саусақтарын құлақтарына тығып жарықта жүріп, қараңғыда тұрып тантырақтағанға теңеліп отыр.
21. Әй Адам баласы! Сондай сендерді де сендерден бұрынғыларды да жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар. Әрине сақтанған боларсыңдар.
22. Ол сондай Алла, сендерге жерді төсек, аспанды төбе етіп жаратты. әрі көктен жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендер үшін әр түрлі өсімдіктен ризық шығарды. Сондықтан біле тұра Аллаға шерік қатпаңдар. (Сенбеушілер, Құранды Мұхаммед Ғ.С. ойдан шығарып отыр деген.)
23. Егер құлымызға түсіргенімізден күдіктенсеңдер, онда сендер де со құсаған бір сүре келтіріңдер, Алладан өзге көмекшілеріңді де шақырыңдар, егер сөздерің рас болса.
24. Егер оны істемесеңдер (әзір келтірмесеңдер, келешекте) сірә істей алмайсыңдар. Ендеше, отыны; адамдар, тастардан болып кәпірлер үшін әзірленген оттан қорқыңдар!
25. (Мұғаммед Ғ.С.) иман келтіріп, ізгі іс істегеңдерді қуандыр! Расында олар үшін астарынан өзендер ағатын жәннеттер бар. Әрқашан оларға оның жемісінен бір ризық берілсе, олар: «Осы бізге бұрын да беріліп еді» дейді. Тағы оның ұқсасы келтіріледі. Әрі олар үшін онда тап- таза жұбайлар да бар. Олар онда мәңгі қалады. (Құрандағы шыбын, өрмекші және құмырсқа тәрізді кішкентай мысалдарға таңырқағандар болған…)
26. Расында Алла шіркейді, одан да зорғыны мысал келтіруден ұялмайды. Ал мүміндер оның Раббыларынан нак хақиқат екендігін біледі. Ал енді қарсы болғандар: «Алла, бұл мысал менен нені қалайды?»,- дейді. Алла, ол мысал менен көптегенді адастырып, әрі онымен көптегенді оңғарады. (Мысалдарға қарсы келіп адсқандар да, шындық да болады негізінде). Ол тапқандар бұзықтарды ғана адастырады.
27. Олар (иман келтіріп) серт бергеннен кейін Алланың уәдесін бұзады да, Алланың жалғастырылуын бұйырған нәрсесін (жақындық, бірлікті) бөледі. Сондай-ақ жер жүзінде бұзақылық істейді. Міне солар зиянға ұшыраушылар.
28. Аллаға қалайша қарсы келесіңдер? Өлі едіңдер, сендерді тірілтті. Тағы өлтіреді. Соңыра қайта тірілтеді. Сонан соң (қияметте) Оның алдына қайтарыласыңдар.
29. Ол сондай Алла, жер жүзіндегі барлық нәрселерді сендер үшін жаратты. Сонан кейін аспанға көңіл бөліп оны жеті қабат көк етіп тәртіптеді. Ол әр нәрсені толық білуші.
30. (Мұғаммед Ғ.С.) сол уақытта Раббың періштелерге: «Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын!»,- деген еді. (Періштелер): «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау мен пәктаудамыз» деді. Алла: «Мен сендердің білмегеңдеріңді жақсы білемін!»,- деді. (Алла, Адамды топырақтан жаратып оған жан салды.
31. Алла Адам (Ғ.С.) ға біртұтас атауларды үйретті де сонан соң оларды періштелерге көрсетіп: «айтқандарың рас болса, Маған осы нәрселердің аттарын айтып беріңдер» деді.
32. Періштелер: «Сен пәксің! Біздің, Сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ. Әрине Сен толық білуші, өте данасың» деді.
33. (Алла Т): «Әй Адам! Оларға, бұлардың аттарын баян ет» деді. Сонда (Адам Ғ.С.) оларға ол заттардың аттарын айтқан сәтте, Алла: «Мен сендерге көктер мен жердің құпиясын, сендердің де көрнеу, көмес істегендеріңді білемін деп айтпадым ба?»,- деді.
34. Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар» дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс бас тартып, дандайсып қарсы келушілерден болды.
35. Және де: «Әй Адам! Сен де жұбайың да жәннәтте тұрыңдар, ерікті түрде қалағандарыңша жеңдер де, мына ағашқа жоламаңдар. Онда жазықтылардан боласыңдар» деген едік. (Бұл ағаш көбінесе бидай немесе жүзім ағашы делінген.)
36. сонда Шайтан, екуін ол жерден тайдырды. Ондағы нығметтерден де шығарды. Оларға: «Бір - біріңе қас болып, түсіңдер: Сендер үшін жержүзінде тұрақ және бір мезгілге дейін пайдалану бар» дедік.
37. Сонда Адам (Ғ.С.) Раббынан сөздер үйреніп алды да жалбарынды. Раббы оның тәубесін қабылдады. Өйткені Ол тәубені өте қабылдаушы, ерекше мейірімді.
38. «Жаннаттан бәрің түсіңдер, Менен сендерге бір туралық келсе, кім сонда тура жолыма ерсе, оларға қорқу жоқ әрі қайғырмайды» деген едік.
39. Қарсы келіп аяттарымызды өтірік дегендер, солар, тозақтық болып, олар мәңгі қалады.
40. Әй Израил ұрпақтары! Берген ныметімді еске алыңдар! Уәдемді орындаңдар. Мен де серттеріңді орындаймын. Әрі Менен ғана қорқыңдар.
41. Жандарыңдағы Тәуратты растаушы Мен түсірген Құранға сеніңдер. Сондай-ақ оған алғаш қарсы келушілерден болмаңдар. Және де аяттарымды аз ғана бағаға айырбастамаңдар (дүниелік үшін бұрмаламаңдар) да Менен ғана қорқыңдар.
42. Хақиқатты бұзықтыққа аралаастырмаңдар да сондай-ақ біле тұра шындықты жасырмаңдар.
43. Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер, сондай-ақ (Алланың хұзырына) иілушілермен бірге иіліңдер.
44. Елді игілікке бұйырып, өздеріңді ұмытасыңдар ма? Кітапты оқисыңдар, ойламайсыңдар ма?….
45. Сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер. Расында намаз ынталылардан басқаларға ауыр келеді.
46. Ол ынталылар, Раббыларына шын жолығатындықтарын ойлап әрі Оған анық қайталыратындықтарын да біледі.
47. ( Алла Израил ұрпақтарын бақытқа бөлеп, заманында әлемнен артық қылған. Пайғамбарлар көп келген. Бірақ Алланы көрмей: «Нанбаймыз» дегендер, пайғамбарды өлтіргендер, бұзауға шоқынып, тәуратты өзгерткен бұзықтары да болған. Әй Израил ұрпақтары! Сендерге берген нығметімді, әм әлемге артық еткенімді еске алыңдар.
48. Біреу үшін ешкім күймейтін, шапағат қабыл етілмейтін, ешкімнен бодау алынбайтын және оларға жәрдем де етілмейтін бір күннен сақтаңындар.
49. Сендерді Перғауынның сыбайластырынан құтқардық. Олар сендерді жаман қинаумен ұстап, ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қойатын еді. (Бәлгерлердің: «Израил ұрпақтарынан бір ұл туып, ықпалыңды жояды» деуі бойынша Перғауын, олардан ұл туса, бауыздатып отыратын болған.) Міне мұнда сендерге Раббыларыңнан зор сынау бар.
50. Сендер үшін теңізді жарып, құтқардық та, перғауындықтарды суға батырдық. Сендер көріп тұрдыңдар.
51. Сол уақытта Мұса (Ғ.С.) ға (Тұр тауында Тәурат үйрету үшін) қырық кеш уәде берген едік. Кейін оның артынан, бұзауды тәңір жасап алдыңдар да өздерің залым болдыңдар.
52. Сонан кейін де сендерді шүкірлік етер деп кешірім еттік.
53. және тура жолға келулерің үшін Мұса (Ғ.А.) ға Тәуратты (жақсы- жаманды) айырушы нұсқауды бердік.
54. Сол уақытта Мұса (Ғ.С.): «Әй қаумым! Расында сендер бұзауды тәңір жасап алумен өздеріне қастық қылдыңдар! Ал енді жаратушыларыңа тәубе қылыңдар. әрі өздеріңді түзетіңдер. (Немесе қылмыстыларды өлтіріңдер.( Бұларың сендер үшін жаратушыларыңның қасында хайырлы. Сонда тәубелерңді қабыл етті. өйткені Ол тәубені қабылдаушы, ерекше мейірімді» деді.
55. Сол уақытта сендер: «Әй Мұса! Алланы әшкере көрмейінше саған әсте иланбаймыз» дедіңдер де, сендерді бір ащы дауыс алды. (жасыл түсті) Көріп тұрдыңдар.
56. Соңсоң шүкірлік етерсіңдер деп, өлгендеріңнен кейін қайта тірілттік.
57. үстеріңе бұлтты көлеңке етіп, және сендерге бөдене менен құдырет шекерін (Мәнна, Сәлуаны) түсірдік. «Сендерге берген жақсы нәрселерден жеңдер» (дедік). Олар бізге емес өздеріне ғана қастық қылды.
58. Сол уақытта оларға: “Осы кентке кіріңдер, одан қалағандарыңша жеңдер. Және есіктен бас қойып, (Хытта) “күнәмызды кеш” деп кіріңдер. Қателіктеріңді жарылқап, игілік істеушілердің сауабын арттырамыз” дедік.
59. Сонда залымдар, сөзді өздеріне айтылғаннан басқаға ауыстырды. (Қылмыстарына кешірім тілеудің орнына “Хынта” деп, бидай тіледі.) Сондықтан залымдарға бұзақылықтарының салдарынан аспаннан пәле жаудырдық.
60. Сол уақытта Мұса (Ғ.С.) қаумы үшін су тіледі. Сонда: “Таяғыңмен тасты ұр” дедік. Сөйтіп, тастан он екі бұлақ жарылып шықты да әр ел өз суатын білген еді. Алланың несібесінен ішіп, жеңдер де жер жүзінде бұзақылық қылып жүрмеңдер.
61. Сол уақытта естеріңе алыңдар! “Әй Мұса! Бір-ақ түрлі тамаққа (Мәнна, Салуаға) сабыр ете алмаймыз. Біз үшін Раббыңа жалбарын, бізге жерден өсетін, көк өнісінен қиярынан, бидайынан, бұршағынан және сарымсағынан шығарсын” дедіңдер. Мұса (Ғ.С.): “Сондай ол сапалы нәрсені, бұл сапасыз нәрселерге ауыстырмақшысыңдар ма? Бір қалаға түсіңдер, онда әрине қалағандарың бар” деді. (Сондықтан) оларға қорлық, жоқшылық жүктеліп, Алла (Т.) ның ашуына ұшырады. Бұл олардың, Алланың аяттарына қарсы келулері және жазықсыз пайғамбарларды өлтірулері сондай-ақ өстіп қарсы келіп, шектен шығулары себепті.
62. Расында сондай иман келтіргендер, Яһудилер, Христиандар және Сабилар болып, кім Аллаға, ақырет күніне сенсе, Раббыларының қасында сыйлық бар. Оларға қорқыныш жоқ. Әрі олар қайғырмайды.
63. Сол уақытта сендерден (Тәуратты қабылдауға) уәде алған едік. Үстеріңе Тұр тауын көтеріп тұрып: “Сендерге берілген (Тәуратты) мықты ұстап, ондағы әмірлерімді елеп, ескеріңдер әрине сақтанған боласыңдар” деген едік.
64. Оның артынан тағы қайталаған едіңдер. Сонда сендерге Алланың кеңшілігі, мейірімі болмаса, әлбетте зиянға ұшыраушылардан болар едіңдер.
65. Расында сендерден сенбі күні шектен шыққандарды білесіңдер, сонда оларға: “Маймыл болып, қор болыңдар” деген едік.
66. Сонда ол жазаны, ілгері-кейінгілерге үлгі әрі сақтанушыларға насихат қылдық.
67. Сол уақытта Мұса (Ғ.С.) қаумына: “Алла, бір сиыр бауыздауларыңды бұйырды” деді. Олар: “Бізді келемеж қыласың ба?”,-деді. Мұса (Ғ.С.): “Надандардан болудан Аллаға сиынамын” деді.
68. Олар: “Раббыңа біз үшін жалбарыншы, бізге оның не екенін білдірсін” деді. (Мұса Ғ.С.): “Алла, ол сиыр кәрі де емес, жас та емес, соның арасында” дейді. “Ал енді бұйрылғанды орындаңдар” деді.
69. Олар: “Раббыңа біз үшін жалбарыншы, бізге оның түсін білдірсін” десті. (Мұса Ғ.С.): “Алла, ол сап-сары сиыр, оның өңі көрушілерді сүйіндіреді дейді” деді.
70. Олар тағы: «Раббыңа біз үшін жалбарыншы, о немене? Бізге білдірсін. Өйткені бізге (басқа сиырға) ұқсас келді. Әрине Алла қаласа тура жолда боламыз» десті.
71. (Мұса Ғ.С.) расында Алла: «Ол сиыр қорлық көрмеген, жер жыртпаған, дін аман онда дақ жоқ дейді» деді. Олар: «Міне, әзір шындықты келтірдің» десті. Сонда олар, істегілері келмесе де оны бауыздады. (Қайта- қайта сұрақ қойып жүріп әрең орындады.)
72. Сол уақытта біреуді өлтірдіңдер де сол жөнде таластыңдар. Алла жасырғандарыңды ортаға шығарды.
73. Сөйтіп өлікті оның кейбір мүшесімен қағындар дедік. Алла осылайша, өлікті тірілтіп сендерге белгілерін көрсетеді. Әрине ойланарсыңдар.
74. Және содан кейін де жүректерің қатайып, тастай немесе тағы қаттырақ болды. Өйткені тастар жарылып, одан өзендер ағады. Әрі кей тастар қақ бөлініп, одан су шығады. Әрине кей тастар Алладан қорқып, құлайды. Алла істегендеріңнен ғапыл емес.
75. (Мұсылмандар!) Олардың сендерге сенетіндіктерін үміт қыласыңдар ма? Әрине олардың Алланың сөзін (Тәуратты) тыңдайтын бір тобы бар еді. (Ғалымдары ) Олар оған түсініп болғаннан кейін (Мұғаммед Ғ.С. ның сипаттарын) біле тұра өзгертті.
76. Ал қашан олар мүміндерге кездессе: «Біз де иман келтірдік» деп, егер олар бір-бірімен жекелене қалса (бастықтары, адамдарына): «Алланың сендерге ашқан сырын, (Тәураттағы Мұғаммед Ғ.С. ның сипаттарын) Мұсылмандардың сендерге раббыларыңның қасында дәлелдеулері үшін оларға айтасыңдар ма? Түсінбейсіңдер ма?»,- дейді.
77. Олар білмей ме? Негізінде Алла (Т.) олардың қөрнеу, көмес істегендерін біледі.
78. Олардың ішінде надандары да бар. Кітапты білмейді. Олар тек қана үйретіндіні және бос ойларды ғана ойлайды.
79. Сондай Кітапты қолдарымен жазып, сонан соң аз ақшаға (дүниелікке) сату үшін: «Осы Алланың қасынан келгені» дегендерге нендей өкініш! Және олардың қол жазғандарына нендей өкініш! Сондай-ақ олардың табыстарына нендей өкініш!
80. Олар: «Бізді тозақ оты санаулы күндер ғана (ғазапта) ұстайды »дейді. (Мұғаммед Ғ.С.) оларға: «Алладан уәде алдыңдар ма? Алла уәдесін сірә бұзбайды. Немесе Аллаға білмегендеріңді айтасыңдар ма?»,- де.
81. Керісінше, кім жамандық істесе, қателіктері оны баурап алса, сонда олар тозақтық болады да олар онда мәңгі қалады.
82. Ал және сондай иман келтіріп, түзу ғамал істегендер, ұжмақтық болып, олар мәңгі қалады.
83. Бір заманда, Израил ұрпақтарынан: «Алладан басқаға құлшылық қылмаңдар, әке- шешеге жақсылық істеңдер, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге қамқорлық жасаңдар, адамдарға көркем сөз сөйлеңдер, намазды толық орындандар және зекет беріңдер» деп ант алған едік. Содан кейін бет бұрдыңдар. Сендерден аз-ақ адам қалды. өйткені сендер ежелден бет бұрушысыңдар. (Сендер үшін шындықтан бет бұру қиын емес.)
84. (Әй Яһудилер!) бір заманда: «Бір-біріңнің қандарыңды төкпеңдер, өз- өздеріңді жұрттарыңнан шығармаңдар» деп, уәде алған едік. Сөйтіп мақұлдап куә болған едіңдер.
85. Содан кейін өздеріңді өлтіресіңдер, бір бөлімдеріңді жұрттарыңнан шығарасыңдар әрі оларға қарсы жауыздық, дұшпандыққа өзара көмектесесіңдер. Егер олар сендерге тұтқын болып келсе, оларға бодау беріп құтқарасыңдар. Негізінен сендерге оларды жұрттарынан шығаруға тыйым салынған. (Алла, олардан бір-бірін өлтірмеске, жұрттарынан шығармасқа, қастандық істемеске, тұтқынға түссе, төлеу беріп құтқаруға уәде алады. Бірақ олар соңғысын ғана орындамақшы болады.) Сендер Кітаптың кейіне сеніп, кейіне қарсы келесіңдер ме? Сендерден кім мұндай істесе, әрине олардың жазасы дүние тіршілінде қорлық әрі қиямет күнінде қатты қинауға қайтарылады (салынады). Және Алла (Т.) істеген істеріңнен ғапыл емес.
86. осындай ахиретті беріп, дүние тіршілігін айырбастап алғандар, олардан ғазап жеңілтілмейді де оларға көмек те болмайды.
87. Расында Мұса (Ғ.С.) ға кітап бердік те, одан кейін пайғамбарларды жалғасыт түрде жібердік. Және мәрйем ұлы Ғиса (Ғ.С.) ға да мұғжизалар беріп, Жебрейіл (Ғ.С.) арқылы қуаттадық. Әрқашан сендерге бір пайғамбар көңілдерің қаламаған нәрсе келтірсе, тәкаппарланасындар. Олардың бір бөлімін (Ғиса, Мұса Ғ.С. ды) жасынға шығарып, (Зәкерия, Яхя Ғ.С.) бір бөлімін өлтірдіңдер.
88. Олар: «Жүрегіміз перделі» деді. Жоқ, Алла оларды, қарсы болуларының салдарынан қарғады. Сондықтан азы- ғана иман келтірді.
89. Олардың қасындағы Тәуратты, растаушы Құран келген шақта, олар бұрын (ақыр заман пайғамбары арқылы кәпірлерге) үстемдік тілеген бола тұра өздерінң Тәуратта таныған (Мұхаммед Ғ.С.) келген заманда, қарсы шықты. Қарсы болушыларға Алланың лағынеті болсын.(Мединелік, Яһудмлер, ақыр заман Пайғамбары келуден бұрын кәпірлерге: «Біздің дінімізді қостаушы Пайғамбардың келуі жақын» дейтін еді. Бірақ ақыр заман Пайғамбары Израил ұрпақтарынан болмағандықтан қарсы шықты.
90. Олар, Алла (Т.) ның өз кеңшілігінен құлдарынан қалағанына түсіргенін (Құранды) қызғанып қарсы келумен өздерін нендей жаман нәрсеге айырбастайды да олар ашу үстіне ашуға ұшырады. Қарсы болушылар үшін қорлаушы азап бар.
91. Әрқашан оларға: «Алла түсірген (Құран) ге иман келтіріңдер» делінсе: «Өзімізге түсірілгенге, иман келтіреміз» деп, олар оның тысындағы (Құран) ға қарсы болады. Олардың қасындағы Тәуратты растаушы Құран хақ. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер (Тәуратқа) иман келтірген болсаңдар, бұрын Алланың елшілерін неге өлтірдіңдер?», - де.
92. Сендерге Мұса (Ғ.С.) ашық дәлелдер екелгеннен кейін де бұзауды тәңір жасап алдыңдар. Сендер залымсыңдар.
93. Сол уақытты еске алыңдар. Бастарыңа Тұр тауын көтеріп тұрып: «Сендерге біз берген (Тәурат) ді мықты ұстаңдар да құлақ салыңдар» деп серт алған едік. Олар: «Құлақ салдық, қарсы болдық» деді. Өйткені қарсылықтарының салдарынан жүректеріне бұзау сіңіп алған. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер (Тәуратқа) иман келтірген болсаңдар, имандарың сендерге нендей жаман нәрсені (бұзауға табынуды) бұйырған» де. (Тәуратта бұзауға табыну жоқ еді.)
94. (Мұхаммед Ғ.С.) : «Егер Алланың қасындағы ахирет жұрты, елден ерекше нағыз сендер үшін ғана болса, өлім тілеңдерші! Шыншыл болсаңдар» де.
95. Бірақ олар қолекі істеп, ілгері жіберген қылмыстары есбепті сірә өлім тілемейді. Алла залымдарды толық біледі.
96. (Мұхаммед Ғ.С.) Яһудилердің жалпы адамдардан да мүшректерден де тіршілікке (ұзын өмірге) тым құмар екенін көресің. Олардың әрбіреуі мың жылөмір сүруді арман етеді. Алайда өмір оны азаптан арашаламайды. Алла (Т.) олардың істегендерін толық көруші. (Яһудилердің тағы бір қылығы: «Жебрейіл дұшпанымыз, бізге азап әкелген, уахиды мікейіл әкелсе нанар едік» дейтін еді.)
97. (Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: «Кім Жебрейіл (Ғ.С.) ге дұшпан болса, (Алланың дұшпаны) Өйткені ол, Алланың бұйрығы бойынша бұрыңғыларды растаушы. Құранды сенушілер үшін туралық әрі қуандырушы түрде жүрегіңе қондырды.
98. Кім Аллаға, періштелеріне, елшілеріне сондай-ақ жебрейіл, мікейіл (Ғ.С.) ғе дұшпан болса, әлбетте Алла (Т.) кәріплерге дұшпан.
99. (Мұхаммед Ғ.С.) расында саған ап- ашық аяттарды түсірдік. Оған бұзақылар ғана қарсы келеді.
100. (Яһудмлер) қай қашан да бір уәде жасалса, олардың бір бөлімі оны бұзып тастамады ма? Бәлкім олардың көбі Тәуратқа да сенбейді.
101. Оларға Алла тарапынан олардың қолындағы тәуратты растаушы Елші келген шақта, Кітап берілгендердің бір бөлімі, тіпті түк білмеегендей Алланың кітабын (Тәуратты) арт жақтарына атты…. »
102. (Олар тәуратты қойып) Сүлейман (Ғ.С.) ның патшалығы заманындағы шайтандар оқыған (сиқыр) ға ілесті. Сүлейман (Ғ.С.) қарсы келмеді. (Сиқыр жасамады.) Бірақ шайтандар, адамдарға сиқыр үйретіп, кәпір болды. Олар Бабылда «Һарұт, Марұт» атты екі періштеге түсірілгенді үйретті. Ол екі періште: «Біз сынақ үшін келдік, қарсы болмаңдар» деп айтпайынша ешкімге үйретпеген. Сонда да олар, екеуінен: Ер- әйелдің арасын айыратынды үренетін еді. Олар, Алладан бұйрықсыз ешкімге зиян бере алмайды. Олар өздеріне зиян келтіретін, пайда бермейтін нәрсені үйренетін еді. Расында олар оны айырбастап алғанға (Алланың кітабының орнына сиқыр үйренгенге) ақиретте несібе жоқтығын білді. Олар, өздеріне нендей жаман нәрсе сатып алғандықтарын білген болса еді.
103. Егер олар иман келтіріп, (сиқырдан) сақтанса, әрине Алла жағынан хайырлы сауап болар еді. Егер олар білген болса.
104. Әй мүміндер: «Рағина» деп айтпаңдар. «Ұнзұрна» деңдер. Әрі тыңдандар. Кәпірлер үшін күйзелтуші азап бар.
105. (Рағина, Ұнзұрна, екеуі де: «Бізге назар аудар» деген ұғымда. «Рағинаны» Яһудилер басқа мағнада қолданатын болғандықтан, ескертілген.) Сондай Кітап иелерінің қарсы болғандары және мүшріктер сендерге раббыларың жақтан бір игілік түсуін қаламайды. Дегенмен Алла мәрхаметін қалаған кісісіне арнайды. Сондай-ақ Алла (Т.) зор кеңшілік иесі.
106. Бір аятты ауыстырсақ немесе ұмыттырсақ одан жақсысын, не сол сияқты келтіреміз. Әрине Алла (Т.) ның әр нәрсеге күші жетуші екенін білмедің бе?
107. білмедің бе? Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. сендер үшін Алладан өзге не дос, не жәрдемші жоқ.
108. Немесе пайғамбарларыңнан, бұрыңғы Мұса (Ғ.С.) дан сұралған тәрізді (жоқтан өзгені) сұрағыларың келе ме? Кім иманын қарсылыққа ауырстырса, расында ол тура жолдан адасқан болады.
109. Кітап иелерінің көбі, оларға шындық айқын болғаннан кейін өз күншілдіктерінінен сендерді иманнан кейін қарсылыққа қайтаруды қалайды. Алла бір әмірін келтіргенге дейін, оларды кешіріңдер, елемеңдер. Күдіксіз Алланың әр нәрсеге күші толық жетеді.
110. Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер. өздерің үшін ілгері бір жақсылық жолдасаңдар, оны алланың қасында табасыңдар. Шынында Алла (Т.) не істегендеріңді толық көруші.
111. Олар: «Үжмаққа Яһуди немесе Христиан ғана кіреді» деді. Бұл олардың өз ойлары ғана. (Мұхаммед Ғ.С.) : «Егер сөздерің шын болса, дәлел келтіріңдер» де.
112. Олай емес, кім жүзін Аллаға жөнелтіп, өзі жақсылық істейтін болса, сонда оған Раббыңның қасында сыйлық бар, оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды.
113. Кітапты оқи отырып, Яһудилер: «Христиандар еш нәрсе емес» деді. Христиандар да: «Яһудилер дәнеңе емес» деді. Сондай-ақ білмегендер де олардың айтқанындай айтты. (Араптар да: «Ислам діні еш нәрсе емес» деді.) Сонда Алла (Т.) олардың таласқандарына қиямет күні билік айтады.
114. Алланың мешіттерінде Оның аты зікір еетілуіне тыйым салғаннан әрі мешітті бұзуға тырысқаннан кім залымырақ? Олардың мешітке қорыққан түрде ғана кірулері керек еді. Олар үшін дүниеде қорлық, ахиретте зор ғазап бар.
115. Шығыс, батыс әр тарап Аллаға тән. Сондықтан қай жаққа бет қаратсаңдар да Алланың жүзі (ризалығы) сол жақта. Расында Алла (Т.) өте кең, толық білуші. (Егер қыблаға қарау қауіп- қатерлі болса, бет алдына қарап намаз оқуға болады.
116. Олар: «Алла, бала иемденді» деді. Ол, баладан пәк. (Яһудилер: Ғұзайыр Ғ.С. ды, Христиандар: «Ғиса Ғ.С. ды, Араптар: Періштелерді Алланың баласы» деді. Дегенмен көктер мен жердегі нәрселер Оныкі. Олар, түгел Оған бой ұсынады.
117. Ол, көктер мен жерді жоқтан бар етуші. Егер бір істің болуын қаласа, сонда тек қана оған «бол» дейді. Ол, бола қалады.
118. Сондай білмегендер: «Алла, бізге ауызекі айтса, немесе бізге бір белгі келтірсе еді» деді. Бұлардан бұрынғылар да бұлардың айтқаны тәрізді айтқан болатын. Олардың жүректері ұқсас. Расында нақ иланатын елге аяттарды ашық баян еттік.
119. (Мұхаммед Ғ.С.) шынында сені қуандырушы, қорқытушы етіп, хақиқат бойынша жібердік, тозақтықтардан жауапкер емесссің.
120. (Мұхаммед Ғ.С.) олардың діндеріне ермейінше, Яһуди де Христиан да сірә сенен разы болмайды. Оларға: «Әрине Алланың жолы сол тура» де. Өзіңе мәлімет келгеннен кейін егер олардың көңілдері тартқанына еліктесең, Алла тарапынан саған не дос не жәрдемші болмас.
121. Біз өздеріне Кітап бергендер, оны шынайы оқиды, міне солар иман келтіргендер. (Бұлар Ғабдолла Сәлем Ұлы және Хабаштықтар.) Кім Кітапқа қарсы келсе, сонда олар зиян етушілер.
122. Әй Израил ұрпақтары! Сендерге берген нығметімді және сендерді әлемге үстем қылғанымды еске алыңдар.
123. Және сондай күннен қорқыңдар. Ол күнде біреу үшін біреу күймейді де ешкімге болысу пайда бермейді. Сондай-ақ олар, ешкімнен көмек көре алмайды.
124. Сол уақытты еске ал! Ыбырайым (Ғ.С.) ды Раббы сөздермен сынады. Сонда ол, оларды толық орындады. Алла: «Әрине сені адамдарға басшы қыламын.» деді. Ол: «Ұрпақтарымнан да өте көр!»,- деді. Алла: «(Ұрпақтарыңнан) залымдар сертіме жете алмайды» деді. (Бұл сынау сөздер туралы тәпсілерде түрлі баяндар бар.)
125. Сол уақытта үйді (Қағбаны) адам баласы үшін орталық әрі бейбітшілік орны етіп жасадық. Ыбырайым (Ғ.С.) ның орнынан намаз орны қылып алыңдар. Және Ыбырайым, Ысмайыл (Ғ.С.) екеуінен: «Үйімді (Қағбаны) тауап етушілер, ғибадатқа отырушылар және рүкүғ, сәжде қылушылар үшін тап-таза ұстаңдар» деп, уәде алғанбыз.
126. Сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.): «Раббым! Бұны бір тыныш қала қыла көр! және оның тұрғындарынан кім Аллаға, ахирет күніне иман келтірсе, әр түрлі өнімдермен ризықтандыр» деп, жалбарынды. (Раббы): «Кім қарсы болса, оны да аз (күнгі дүниеде) пайдаландырамын, сонан соң оны (ахиретте) от азабына зорлаймын. Ол, барар орынның жаманы» деді.
127. Сол уақта Ыбырайым мен Ысмайыл (Ғ.С.) үйдің (Қағбаның) ірге тасын көтере: «Бізден қабыл айла, күдіксіз Сен тілекті тым естуші, толық білушісің.»
128. «Раббымыз, екеумізді де өзіңе бой ұсынушы қыл, ұрпақтарымыздан да өзіңе бой ұсынушы бір үммет қыла көр, әрі бізге хаж ғамалдарымызды көрсетіп, тәубелерімізді қабыл айла, әлбетте Сен өзің тәубені қабыл етуші, ерекше мейрімдісің!»
129. «Раббымыз ұрпағымыздың ішіне өздерінен, оларға аяттарыңды оқитын, Кітапты әрі үкімдерін үйретіп, оларды тазартатын бір елші жібергейсің, күдіксіз Сен өзің ғана аса үстем, өте данасың» (деп жалбарынды. Ыбырайым Ғ.С. ның тілегі бойынша Мұхаммед Ғ.С. елші болып келді.
130. Өзін білмеген ақылсыздан басқа кім Ыбырайым (Ғ.С.) ның жолынан бет бұрады? Расында оны дүниеде таңдадық әрі күдіксіз ол, ахиретте де игілерден болады.
131. Бір кезде Раббы оған: «Бой ұсын!»,- деді. Ол: «үкіл әлемнің Раббына бой ұсындым» деді.
132. Ыбырайым (Ғ.С.) бұны ұлдарына өсиет етті және Яғқұп (Ғ.С.) да: «Әй ұлдарым! Әрине Алла сендер үшін осы дінді ұнатты, сондықтан сендер нағыз Мұсылман болып өліңдер» деді.
133. Яғқұп (Ғ.С.) қа өлім келген сәтте, балаларына: «Неменеге құлшылық қыласыңдар?»,- дегенде, барма едіңдер? Сонда олар: «Сенің Тәңіріңе, аталарыңның Тәңіріңе: Ысмайыл, Ысхақтың бір- ақ Тәңіріңе құлшылық қыламыз. Сондай-ақ Соған бой ұсынамыз» деген еді.
134. Міне солар бір үммет еді, өтіп кетті. Олардың еңбектері өздеріне, сендердің еңбектерің өздеріңе, сендер олардың істегендерінен сұралмайсыңдар. (Сондай-ақ бұл қылықтарыңмен олардан пайдалана алмайсыңдар)
135. Олар: «Яһуди немесе Христиан болыңдар, тура жолда боласыңдар» деді. (Мұхаммед Ғ.С.) олай емес, Ыбырайым (Ғ.С.) ның тұп- тура жолындамыз, ол ортақ қосушылардан емес еді »де.
136. Және оларға: «Біз Аллаға, бізге түсірілген Құранға әрі Ыбырайым, Ысмайыл, ысхақ, Яғқұп (Ғ.С.) тарға, ұрпақтарына тағы Мұса, Ғиса (Ғ.С.) ға берілген нәрселерге сондай-ақ Раббылары тарапынан өзге пайғамбарларға берілген нәрселерге иман келтіріп әрі олардың араларын айырмаймыз. (бәріне де сенеміз) және біздер Ол Аллаға ғана бой ұсынушымыз» деңдер.
137. Сонда олар, егер сендер сенген сияқты сенсе, онда рас тура жол табар еді. Ал егер олар бет бұрса, сонда олар, мүлде жолдан шыққан болады. Сонда да алла сені олардан қорғауға жетіп асады. Ол Алла, (Т.) естуші, әр нәрсені білуші. (Христиандар, туған балаларын бір сары суға шомылдырып «тазарды» дейді. Алланың жаратқан өңі жақсы. Жасама түс не керек?
138. Өң Алланыкі, Өн (беру) де Алладан кім артық? Сондықтан біз Оған құлшылық қыламыз.
139. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «біздің де сендердің де Раббыларың Алла жайында бізбен таласасыңдар ма? Біздің істегеніміз бізге, сендердің істегендерің, сендерге тән. Біз Аллаға нағыз ықыластымыз» де.
140. Немесе сендер: «Ыбырайым, Ысмайыл, Ысқақ, Яғқұп және ұрпақтары: Яһуди не Христиан еді» дейсіңдер ме? (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Сендер жақсы білесіңдер ме? Алла жақсы біле ме?»,- де. Жанындағы Алланың куәлігін (Алла білдіргенді) жасырғаннан кім залымырақ? Сондай-ақ Алла (Т.) істегендеріңнен ғапыл емес.
141. Олар өтіп кеткен бір үммет, олардың еңбектері оларға, сендердің еңбектерің сендерге тән. олардың істеген істерінен сендер сұралмайсыңдар.
142. (Мұхаммед Ғ.С. Медине қаласына көшіп келгеннен кейін намазды бір жарым жылға жақын «Месжід Ақса» жаққа қарап оқып, әр уақыт қыбланың «Қағба» болуын арман ететін еді. Ақыр бір күні Алланың әмірі бойынша «Қағба» жаққа қарап намаз оқыла бастағанда, ел арасында әр түрлі күңкіл болады…) Адамдардың кейбір ақымақтары: «Оларды, қарап тұрған қыбласынан не нәрсе бұрды?»,- дейді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Шығыс та батыс та Аллаға тән. ол, қалағанын тура жолға салады » де.
143. Осылайша сендерді (артық, кемсіз)орташа бір үммет қылдық. Адамдарға куә болуларың сондай-ақ пайғамбардың сендерге куә болуы үшін. Қарап тұрған қыблаңды, теріс бағынатын біреулерден пайғамбарға ілесетін кісілерді білуге істеген едік. Әрине бұл, Алла, тура жолға салғандардан басқаға қиынырақ. Алла имандарыңды жоймайды. Күдіксіз Алла, адам баласына өте жұмсақ ерекше мейірімді.
144. (Мұхаммед Ғ.С.) жүзіңнің көкке жөнелгенін көреміз. Сондықтан өзің разы болған қыблаға айналдырамыз. Енді жүзіңді «Месжід Харам» жаққа бұр. (Мүміндер) қай жерде болсаңдар да: Жүздеріңді сол жаққа жөнеетіңдер. Расында өздеріне кітап берілгендер, негізінен қыбланың ауысуын Раббыларынан бір шындық екенін біледі. Алла олардың істегендерінен ғапыл емес.
145. (Мұхаммед Ғ.С.) ол кітап берілгендерге әр түрлі мұғжизаны келтірсең де олар сенің қыблаңа ілеспейді (қосылмайды). Ал, сен де олардың қыбласына қосылушы емессің. Сондай-ақ олар да бір-біреулерінің қыблаларына ілеспейді. Өзіңе мұншалық мәлімет келгеннен кейін, олардың ойларына еліктесең, әлбетте сен анық залымдардан боласың.
146. Өздеріне кітап бергендеріміз (Мұхаммед F.C. ды) ұлдарын танығандай таниды. Негізінен олардан бip тобы (ғалымдары) шындықты біле тұра жасырады.
147. (Мұхаммед F.C.) хақиқат Раббыңнан келген. Сондықтан сірә күдіктенуші бола көрме.
148. Әркімнің бip бет алатын қыбласы бар. Сонда жақсылыққа жарысыңдар. Қайда болсаңдар да Алла барлығыңды бір араға жинайды. Күдіксіз Алла (Т.) ның әр нәрсеге күші жетеді.
149. Қайдан (жолға) шықсаң да жүзіңді Месжід Харам жаққа қарат. Өйткені ол, Раббыңнан
150. Және қайдан (жолға) шықсаң да жүзіңді Месжід Харам жаққа қарат. (Әй мүміндер!) Қайда болсаңдар да (намазда) жүздеріңді солай қаратыңдар. Адамдар үшін сендерге қарсы бip дәлел болмасын. (Яһудилер: “Бұлар Ыбырайым F.C. ның дінінде болса, неге Кағба жаққа қарамады?” демесін.) Бipaқ олардың залымдары айта бepeдi. Олардан қорықпаңдар. Сендерге нығметтерімді толықтауым және тура жолда болуларың үшін Менен қорқыңдар.
151. Іштеріңе, өздеріңнен аяттарымды оқитын, сендерді тазартатын және сендерге Құранды әpi үкімдерін үйрететін сондай-ақ білмегендеріңді үйрететін Елші жібергеніміз сияқты…
152. Енді, Meні еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкіршілік қылыңдар да қарсы болмаңдар.
153. Әй мүміндер! Сабыр және намазбенен (Алладан) жәрдем тілеңдер, күдіксіз Алла (Т.) сабыр етушілермен бipгe.
154. Алла жолында өлтірілгендерді (шәһиттерді) олар өлі демеңдер, олар тipi, бірақ сендер сезіп біле алмайсыңдар.
155. Әрине сендерді қayiп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, (Мұхаммед F.C сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр!
156. Қашан оларға бip қайғы жетсе: “Олар шын мәнінде біз Аллаға тәнбіз әpi Оған қайтушымыз” деді.
157. Miнe соларға, Раббылары жақтан жарылқау және мәрқамет бар. Әpi олар тура жолдағылар.
158. Негізінде “Сафа, Мәруе” Алланың белгілерінен. Сонда кім хаж немесе умра орындаса, ол екеуін де тауап етудің оқасы жоқ. Кімде-кiм артықша бip қайыр icтece, Алла шүкіршілікті қадырлаушы, толық білуші.
159. Негізінен бiз ап-ашық үкімдерді әpi тура жолды Кітапта адамдарға баян еткеннен кейін жасырғандар, соларға Алла лағынет етеді әpi барлық лағынет етушілер лағынет етеді.
160. Бірақ тәубе еткендер, жағдайларын түзелткендер және шындықты баян еткендер басқа. Міне солардың тәубесін қабыл етуші, ерекше мейірімдімін.
161. Расында сондай қарсы келгендер және қарсы болған күйде өлгендер, міне соларға Алланың лағынеті әpi періштелердің және біртұтас адамдардың лағынеті болады.
162. Олар лағынетте мәңгі қалады, олардан азап жеңілтілмейді де оларға мұрса берілмейді.
163. Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Одан басқа eшбip Тәңip жоқ. Ол, аса қамқор, ерекше мейірімді.
164. Күдіксіз көктер мен жердің жаратылуында, түн мен күннің ауысуында, адам баласына пайдалы нәрселермен теңізде жүрген жаңбыр жаудырып, жер өлгеннен кейін онымен жандандыруында әрі онда әр түрлі хайуанды таратуында, жердерді және көк пен жердің арасындағы бағынышты бұлтты басқаруында әлбетте ойлаған елге (Алланың барлығы, бірлігіне) белгілер бар.
165. Адамдардың кейбіреулері аллаға өзгені теңдес етеді де оларды алланы сүйгендей сүйеді. Ал мүміндер, алланы тағы артық сүйеді. Егер залымдар ғазапты көрсе, бүкіл қуаттың Аллаға тән екенін, шын мәнінде Алланың қатты азап иесі екенін білсе еді.
166. Сол уақытта ерілгендер (бастағандар), өздеріне ергендерден безеді. Сондай-ақ олар азап көргенде қарым- қатынастары кесіледі.
167. Ал ерушілер: «Әттең! Бізге (дүниеге) қайтар күн болса, олар бізден безгендей, бізде олардан безер едік» дер. Солайша Алла олардың істеген істерін өздеріне өкініш етіп көрсетеді. Сондай-ақ олар тозақтан шығушы емес.
168. Әй адам баласы! Жер жүзінде болған халал, таза нәрседен жеңдер! Өйткені ол сендерге ашық дұшпан.
169. Шынайы түрде ол сендерге жамандықты, арсыздықты және Аллаға қарсы білмейтіндеріңді айтуды нұсқайды.
170. (Мекке мүшріктеріне) Алла түсірген (Құранға) бой ұсыныңдар делінсе, олар: «Жоқ, үстінде ата-бабаларымызды тапқан жолға ілесеміз» деді. Егер аталары еш нәрсені түсінбеген әрі тура жолда болмаған болса да ма? (Сонда да солардың жолымен жүре ме?)
171. Кәпірлердің, мысалы: Дабыстағанда, үнді, айғайды ғана естіп түсінбейтін біреу тәрізді; саңырау, сақау және соқыр. Сонда олар еш нәрсені аңғармайды.
172. Әй мүміндер! Ризықтандырғанымыздың жақсысынан жеңдер. Әрі Аллаға шүкірлік етіңдер, егер Оған ғана құлшылық ететін болсаңдар.
173. шынайы түрде сендерге өлексені, (арам өлген малды), қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды. Сонда кім мәжбүрленсе, қарсылық қылмаса, шектен шықпаса оған кінә жоқ. Күдіксіз Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді. (Алладан басқаға арналып бауыздалған мал арам. Егер бір Мұсылман Алладан басқаға жақындасу ниетімен бауыздаса діннен шығады. Бауыздағаны жемтік болады. Және мәжбүрлік екі түрлі: Жейтін таба алмау, не біреу зорлау.
174. Сондай Алла түсірген Кітаптан (Тәураттағы Мұхаммед Ғ.С.ның сипаттарын) жасырып, оны аз ақшаға (дүниеге), айырбастағандар, Солар қарындарына отты ғана жейді. (Қарындарын отпен толтырады.) Қиямет күні Алла оларға тіл қатпайы да оларды ақтамайды және оларға күйзелтуші ғазап бар.
175. Олар адасуды туралықтың орнына, азапты жарылқаудың орнына ауыстырып алғандар. Сонда олар тозаққа қалай шыдайды?
176. Осы, Алланың Кітапты туралықпен түсіргендігі үшін. Негізінен Кітап жайында таласқандар ұзақ қайшылықта.
177. (Яһудилер Месжід Ақсаны, Христиандар оның шығыс жағын қыбла тұтып, әрқайсысы өз қыбласын жақсы деп ойлайды. Жүздеріңді шығысқа, батысқа жөнелту бір игілік емес. Бірақ кім Аллаға, ақирет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе және жақындарына, жетімдерге, міскіндерге, жолда қалғандарға, қайыршыларға және құл азат етуге жақсы көре отырып, мал сарып қылса әрі намазды толық орындап зекет берсе, өзара байласқан уәдесін орындаушы, таршылықта, қиыншылықта және соғыс кезінде сабыр етуші болса, міне солар шыншылдар әрі солар тақуалар.
178. Әй мүміндер! Сендерге қысас (есе қайтару) парыз етілді: Азатқа азат, құлға құл, әйелге әйел (өлтіріледі). Дегенмен оған туыс жағынан кешірілсе, оның ережеге үйлесуі екінші жақтың да оған дұрыс төлеуі хажет. (Егер қысас кешіріліп, құнға тоқтаса, алушының орынсыз егеске қысас істемеуі, берушінің де дұрыс орындауы керек.) Міне осы, Раббылары жағынан жеңілдік және мәрхамет. Ал кімде- кім бұдан кейін шектен шықса, (кек сақтаса) ол үшін ахиретте күйзелтуші азап бар.
179. Әй ақыл иелері! Сендер үшін қысаста (кісі өлтіргенді өлтіруде) тіршілік бар. Әрине сақнанарсыңдар.
180. Біреулеріңе өлім келген шақта, артына мал қалдырса, әке- шешесіне, жақындарына дұрыстықпен өсиет парыз етілді. өсиет тақуаларға бір міндет. (Бұл аяттың үкімі мирас аятымен қалдырылған.
181. Сонда біреу өсиетті естігеннен кейін ауыстырса, кінәсы оны өзгертушіге болады. Күдіксіз Алла әр нәрсені естуші, білуші.
182. Кім өсиет етушінің қателескендігінен немесе кінәлы болатындығынан сезіктенсе, араларын түзелтіп қоюдың оқасы жоқ. (Өсиеттегі қателікті дұрыстауға болады.) Расында Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.
183. Әй мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар.
184. Санаулы күндерде. Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде төлер. Және сондай ораза күш келетіңдер, (кәрі не аурулар) бір міскіңнің тамағын төлесін. Сонда кім ынтығып артық хайыр қылса, ол өзіне жақсы. (Мұндай ораза ауыр келетін кәрі, ауру не екі қабат, омырауда баласы болған әйелдер оразаның орнына күніне бір фіиір садақасын беруіне болады. Білсеңдер сендер үшін ораза ұстауларың тағы жақсы.
185. Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла (Т.) сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар.
186. (Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді»
187. (Бастапта кей Мұсылмандар оразаның кешінде әйелдеріне жақындаспағандықтан осы аят түскен екен.) Сендерге оразаның кешінде әйелдеріңе жақындасу халал етілді. (Өйткені бір-біріңді қорғауда) олар сендерге киім, сендер де оларға киім (іспетті) сіңдер. Алла өздеріңе зиян қылатындықтарыңды біледі. Сондықтан тәубелеріңді қабыл етіп сендерді кешірді. Ал енді (бұдан былай) олар жақындасыңдар. Алланың өздеріңе жазғанын талап етіңдер. Және таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле) айрылғанға дейін ішіңдер, жеңдер де соңсоң оразаны кешке дейін толық орыңдандар. Мешіттерде (ғибадат етіп) ығтикәфта болған кеште әйелдеріңе жақындаспаңдар. Осы Алланың шегі, оған жақындамаңдар. Осылайша Алла (Т.) сақсынулары үшін адамдарға аяттарын баян етеді.
188. Араларыңдағы малдарынды бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың малынан бір бөлім жеу үшін билерге апармаңдар.
189. (Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен жаңа туған айдың жағдайын сұрайды: «Ол, адамдар және хажылық үшін уақыт белгілеу» де. (Және олар хаж кезінде үйге арт жағынан кіруді жақсы деп ойлайды. ) Үйлеріңе артынан кірулерің бір жақсылық емес. Бірақ кім сақсынса сол жақсылық. Ендеше, үйлерге есіктерінен кіріңдер әрі Алладан қорқыңдар. Әрине құтыласыңдар. (Мекке кәпірлері Мұсылмандарға
190. Өздеріңнің соғысқандармен Алла жолында соғысыңдар да шектен шықпаңдар. Негізінен Алла (Т.) шектен шығушыларды жақсы көрмейді.
191. Оларды қайдан тапсаңдар да өлтіріңдер. Өздері, сендерді (Меккеден) шығарғандай оларды шығарыңдар. Бұзақылық, кісі өлтіруден қиын. Месжіт Харамның жанында олар сендермен соғыспайынша, ол жерде олармен соғыспаңдар. Егер олар сендерді өлтірсе, сендер де оларды өлтіріңдер. Кәпірлердің жазасы осылай.
192. Егер олар бұзақылықтан тыйылса, күдіксіз Алла жарылқаушы, ерекше мейірімді.
193. Олармен бұзақылық қалмай, дін Аллаға тән болғанға дейін соғысыңдар. Егер олар тыйылса, дұшпандық залымдарға ғана.
194. Құрметті ай, құрметті аймен және құрметтер долай. (Құрметті айларда соғысу не соғыспай құрметтеулер, екі жаққа бірдей). Сонда кім сендерге соқтықса, сендер де олар сендерге соқтыққандай соқтығындар және біліңдер, шәксіз Алла тақуалармен бірге.
195. Алла жолында мал сарып қылыңдар. (Сараң қорқақ болып) өздеріңді өз қолдарыңмен хауіп- қатерге салмаңдар. Жақсылық істеңдер. Шын мәнінде Алла игілік істеушілерді жақсы көреді.
196. Хаж және ғұмраны Алла үшін толық орындаңдар. Егер (жолда) тосылсаңдар, құрбандықтан қолайсысы болады. Құрбандық орнына барғанға дейін шаштарыңды алдырмаңдар. (Құрбандық барып бауыздалғаннан кейін шаш алдырып ыхрамнан шығады). Біреу (ықрамда) науқас немесе басында бір жайсыздық болып, шаш алдырса ораза не садақа немесе құрбандықтан төлеу салады. Ал қашан амандықта болсаңдар хажға дейін ғұмрадан пайдаланса, (әуелі ғұмраны орындап, ыхрамнан шығып, хаж үшін қайта ыхрам байланса, бұны «Хаж Тәматтұғ» деп атайды). Сонда қолайлы бір құрбан шалады. Егер біреу құрбандық таба алмаса, хажда үш күн, үйге қайтып келгенде жеті күн болып, толық он күн ораза ұстайды. бұл үйі Месжід Харамның маңында болмағандар үшін. Алладан қорқындар. Негізінен Алланың қатты ғазап иесі екенін біліңдер.
197. Хаж (шәууал, зылқағда және зылхажжаның онына дейінгі) белгілі айлар. Кім ол айларда (ыхрам байланып) міндеттенсе, хаж кезінде әйелге жақындасу, кінә істеу және жанжал жоқ. Әй ақыл иелері! Ненедей хайыр істесеңдер, Алла оны біледі. Және азық алыңдар. Негізінде азықтың жақсысы тақуалық. «Әй ақыл иелері! Менен ғана қорқыңдар.»
198. Сендерге Раббыларыңның кеңшілігін іздеулеріңнің (кәсіп істеулеріңнің) оқасы жоқ. Қашан Ғарафаттан қайтсаңдар, Машғарыл харамның қасында, Алланы еске алыңдар. Сондай-ақ Оны, сендерге нұсқағанындай еске алыңдар. Сендер бұрын азғындардан едіңдер. (Бұрын Құрайыштар дандайсып, Ғарафатқа бармай Мүзделіфеден қайтатын және Минада ата- бабаларын мақтайтын еді).
199. Соңсоң ел қайтқан жерден қайтыңдар да Алладан жарылқау тілеңдер. Күдіксіз Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.
200. Қашан хаж ғамалдарыңды өтесеңдер, (Минада) Алла (Т.) ны ата-бабаларыңды зікір еткендей тіпті одан да артық зікір етіңдер. Сонда адамдардан кім : «Раббымыз! Біз дүниеде ғана жақсылық бер!»,- десе оларға ақиретте несібе жоқ.
201. Және олардан кім: «Раббымыз! Бізге дүниеде де жақсылық бер әрі ахиретте де жақсылық бер. Және тозақ отының азабынан сақта!»,- дейді.
202. Міне олар үшін ғамалдарынан үлес бар. Алла (Т.) ееспті тезінен көруші.
203. Санаулы күнде Алланы зікір етіңдер. Сонда кінәдан сақтанған кісіге, (Минадағы ғибадатты) асығып екі күнде бітірсе оқасы жоқ. Біреу кешіксе де кінә жоқ. Алладан қорқыңдар әрі негізінде Аллаға қайтарылатындықтарыңды біліңдер. (Мүшріктерден Шарқ Ұлы Ахнас Мұхаммед Ғ.С. ға келіп әдемі сөздермен Мұсылман болғанын айтып, шыға бере Мұсылмандардың егіндерін өртеп, малдарын өлтірген екен.
204. (Мұхаммед Ғ.С.) адамдардан кейбіреулерінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да Алланы жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол өте сотқар қаскүнем.
205. Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады. Алла жауыздықты жақсы көрмейді.
206. Ал қашан оған: «Алладан қорық!»,- делінсе, оның паңдығы ұстап, өзін күнәкар етеді. Оған тозақ жетеді, нендей жаман орын.
207. Адамдардан Алланың ризалығын іздеп жанын сататындар да бар. Алла (Т.) құлдарына тым жұмсақ.
208. Әй мүміндер! Исламға бүтіндей кіріңдер. Шайтанның ізіне ермеңдер. өйткені ол, сендерге ашық дұшпан.
209. Сендерге ашық дәлелдер келгеннен кейін жолдан тайсаңдар, біліңдер Алла тым үстем, хикмет иесі.
210. Олар (Исламға толық кірмегендер), бұлттың көлеңкесінде Алла және періштелер келіп, істің бітіп кетуін ғана күте ме? Істер Аллаға қайтады.
211. (Мұхаммед Ғ.С.) Израил ұрпақтарынан сұра. Оларға қаншалаған ашық мұғжизалар келтірдік. Кім өзіне Алланың нығметі келгеннен кейін өзгертсе, күдіксіз Алла қатты азап иесі.
212. Сондай кәпір болғандарға дүние тіршілігі әдемі көрінді де Мұсылмандарды тәлкек қылады. Негізінде тақуалар қиямет күнінде олардан үстем болады. Және Алла қалағанын есепсіз ризыққа бөлейді.
213. Адам баласы бір-ақ үммет еді. Сонда Алла қуандырушы, қорқытушы пайғамбарлар жіберді. Адамдардың араларындағы талас нәрселерге үкім ету үшін олармен бірге хақ Кітап жіберді. Сол кітап берілгенлер, ашық дәлел келгеннен кейін араларындағы кекшілдіктен ғана қайшылыққа түсті. Сонда Алла иман келтіргендерді, олар тартысқан шындыққа өз ұйғаруымен жеткізді. Алла қалағанын даңғыл жолға салады.
214. (Мұсылмандар!) Сендерге бұрыңғы өткендердің басына келген сияқты (жағдай) келмей жаннатқа кірулеріңді ойладыңдар ма? Оларға, ашаршылық, ауыру- науқас келді. Сондай-ақ Пайғамбар және онымен бірге иман келтіргендер: «Бізге Алланың жәрдемі қашан болар екен?»,- дегенге дейін (қиыншылықта) тербетілді. Естеріңде болсын. Негізінен Алланың жәрдемі жақын.
215. (Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен Алла жолында не беретіндіктерін сұрайды. «Нендей хайыр сарып қылсаңдар; Әке-шеше, жақындар, жетімдер, міскіндер және жолда қалғандар үшін. Хайырдан не істесеңдер, күдіксіз Алла оны біледі» де.
216. (Әй мүміндер!) Сендерге сүйкімсіз болса да соғыс парыз қылынды. Бір жек көрген нәрселеріңнің сендер үшін хайырлы болуы мүмкін. Және жақсы көрген нәрселеріңнің сендерге жаман болуы да мүмкін. Алла (Т.) біледі, сендер білмейсіңдер. (Бәдір соғысынан бұрын жіберілген бір шалғыншы кәпірлермен қақтығысып қалған күні кешінде Режеп айы көрініп қалады.
217. (Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен құрметті айда соғысудан сұрайды. Оларға: «Ол айда соғысу зор кінә. Дегенмен, Алланың жолынан тию, Оған қарсы келу, Месжід Харамнан тыю және оның тұрғындарын шығару Алла (Т.) ның қасында тағы зор күнә» де. Сондай-ақ жауыздық, кісі өлтіруден де зор. Егер олардың шамалары келсе, сендерді діңдеріңнен қайтарғанға дейін өздеріңмен соғысуды үзбейді. Сендерден кім діннен қайтып, ол кәпір күйінде өлсе, олардың ғамалдары дүние, ахиретте де жойылып және олар тозақтық болып, олар онда мәңгі қалады,
218. Шынайы иман келтіргендер, ауа көшкендер және Алла жолында соғысқандар міне солар, Алланың рахметің үміт етеді. Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.
219. (Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен арақтан, құмардан сұрайды. Оларға: «Екеуінде де зор күнә бар. Адамға пайдасы бола тұра, пайдасынан көрі күнәсы зорырақ» де. Ал және сенен: «Алла жолында не беретіндіктерін» сұрайды. «Артығы беріледі» де. Алла (Т.) сендер түсінер деп аяттарын өстіп баян етеді.
220. (Бұл аят бойынша, арақ пен құмардың зор күнә екендігі, сондай-ақ пайдасынан күнәсы зор екендігі білдіріліп, мас халінде намазға жақындамау нұсқала отырып, «нәжіс» делініп кесімді түрде тыйым салынған) (Дүние ақиретте ойланыңдар….) (Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен жетімдердің жайынан сұрайды. Оларға: «Жетімдерді түзету жақсы. Тіпті оларды қосып алсаңдар, сонда олар туыстарың. (Бөтендігі жоқ) Алла (Т.) бұзушыны, түзеушіден айырып біледі. Алла қаласа, әлбетте сендерді зорлар еді » де. Шын мәніде Алла өте үстем, хикмет иесі.
221. Мүшрік қатындармен олар иман келтіргенге дейін үйлеңбендер. Азат мүшрік қатыннан мүмін күң артық. Егер сендерді қызықтырса да. Және иман келтіргенге дейін, мүшрік ерге мүмін әйелдерді де үйлеңдірмендер. Егер олар сендерді қызықтырса да. Мүшрік азат ерден мүмін құл артық. Олар, тозаққа шақырады да, Алла өз ұйғаруымен жаннатқа шақырады. Сондай-ақ адамдар үгіт алсын деп, аяттарын баян етеді.
222. (Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен етеккір жайынан сұрайды. Оларға: «Ол жиренішті нәрсе, етеккір кезінде әйелдерден аулақ болыңдар. Оларға тазарғанға дейін жақындаспаңдар. Қашан олар нақ тазарса, оларға Алланың өздеріңе бұйырған жерінен жақындасыңдар» де. Шәксіз Алла тәубе етушілерді жақсы көреді әрі таза болушыларды да жақсы көреді.
223. Өйткені әйелдерің егіндіктерің. Егіндіктеріңе қалай қаласаңдар келіңдер. Алдын ала өздерің үшін қамдаңындар. Сондай-ақ Алладан қорқыңдар да негізінен Аллаға қауышатындықтарыңды біліңдер. (Мұхаммед Ғ.С.) мүміндерді қуандыр. Алла деген анттарыңды жақсылық істемеулеріңе, сақсынбауларыңа және адамдардың арасын жарастырмауларыңа бөгетқылмаңдар. (Алланың атымен бұндай ант етпеу, етілген жағдайда кәферат беріп бұзу керек. Алла (Т.) әр нәрсені естуші, білуші.
224. Алла деген анттарыңды жақсылық істемеулеріңе, сақсынбауларыңа және адамдардың арасын жарастырмауларыңа бөгет қылмаңдар. (Алланың атымен бұндай ант етпеу, етілген жағдайда кәферат беріп бұзу керек.) Алла (Т.) әр нәрсені естуші, білуші.
225. Алла анттарыңды бос сөзді тергемейді. Алайда жүректерің істегенді есепке алады. (Ойламай ауызша еткен ант есеп емес.) Алла аса жарылқаушы, ерекше жұмсақ.
226. Әйеліне жақындаспауға ант еткендер, төрт ай күтеді. (Егер төрт ай ішінде кәппарат төлеп) анттарын бұзса, шәксіз Алла (Т.) аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.
227. Егер олар талақ ниет етсе, (төрт айға дейін антын бұзбаса, талақ болады) Расында Алла әр нәрсені естуші, білуші.
228. Талақ болған әйелдер, үш етеккір мерзімі күтеді. Оларға жатырларындағы Алланың жаратқанын жасырулары дұрыс емес. Егер олар Аллаға, ақирет күніне сенетін болса, бұл жерде егер жарасуды қаласа, әйелдерін қайта алуға өз ерлері лайығырақ. Ерлердің әйелдердегі хақтары сияқты, әйелдердің де ерлерде белгілі хақтары бар. Әйелдерден көрі ерлердің дәрежесі артық. Алла (Т.) өте ұстам, хикмет иесі.
229. Талақ екі рет. Сонда не туралықпенұстау немесе жақсылықпен ажырасу керек. (Қайталай беру дұрыс емес. ) Оларға бергендеріңнен еш нәрсе алуларың халал емес. Бірақ екеуі де Алланың шегін орындай алмаудан (бірге жасай алмаудан) қорықса және сендер де екеуінің Алланың шегін орындай алмауынан қауіп қылсаңдар, ол уақытта әйелдің, еріне бодау беруінде екеуіне де күнә жоқ. Міне осы Алланың шегі, сонда одан өтпеңдер. Ал кім Алланың шегінен өтсе, міне солар залымдар.
230. (Екіден кейін) ер, әйелін мүлде ажыратса, бұдан кейін оған, ол басқа ерге тимейінше халал болмайды. Егер оны, ол (екінші ер) талақ қылса, екеуі де Алланың шегін орындаймыз деп ойласа, қайта табысуларында күнә жоқ. Бұл білген елге Алланың баян еткен шектері.
231. Әйелін талақ қылдым дегеннен кейін ғыддаты толмай тұрып, екі рет сөзінен қайтуына болады. Бұны «Ражғи» талақ деп атайды. Қашан әйелдерді талақ қылсаңдар да олардың ғыддаты жетсе, сонда оларды туралықпен ұстаңдар немесе оларды дұрыстықпен біржола ажыратыңдар. Оларды зиян салып қанау үшін ұстамаңдар. Кім осыны істесе, рас өзіне зұлымдық қылған болады. Алланың аяттарын мазақ қылмаңдар және Алланың өздеріңе берген нығметін әрі сендерді насиқаттау үшін түсірген Кітапты, хикметті (Құранды, сүннетті) түсініңдер. Сондай-ақ Алладан қорқындар да күдіксіз Алланың әр нәрсені толық білетіндігін біліңдер.
232. Қашан әйелдерді талақ қылсаңдар, ғыддаты бітсе, өз ерімен ризаласып үйленуін тоспаңдар. (Немесе өзара ризаласқан біреумен үйленуін тоспаңдар.) Бұл сендерден Аллаға, ақирет күніне иман келтіргендерге берілген насихат. Бұл сендер үшін тым таза, өте пәк. Алла біледі, сендер білмейсіңдер.
233. Емізуді тамамдағысы келген кісі үшін; аналар, балаларын толық екі жыл емізеді. Ананың тиісті көрегі мен киімі, баланың әкесіне міндет. Әркімге шамасы келетін ғана жүктеледі. Ана, баласы арқылы әрі әке де баласы үшін зиянға ұшратылмайды. Сондай-ақ мұрагерге де сол сияқты. (Бала емізушінің тиісті хақысы төленеді.) Егер әке -шеше ризалықпен кеңесіп, (омыраудан) айыруды қаласа, сонда екеуіне де күнә жоқ. Ал егер балаларыңды (Бөгде әйелге) емізгілерің келсе, хақысын жақсылап тапсырсаңдар, сендерге күнә жоқ. Алладан қорқыңдар да біліңдер! Расында Алла істегендеріңді толық көруші.
234. . Аят бойынша мәнсұх.)
234. Сендерден қайтыс болып (артында) қалдырған әйелдердің өздері; төрт ай он күн (ғыддат) күтеді. Әрқашан олардың белгілі ғыддаты бітсе, олардың өздеріңе байланысты істеген істерің (үйлену үшін киініп, түзелуінің) сендерге жауапкерлігі жоқ. Алла не істегендеріңнен толық хабар алушы.
235. Ал (бұндай ғыддат ішіндегі) әйелдерге үйленуді жақауратып ескертулеріңде немесе іштеріңде сақтауларыңда бір сөгіс жоқ. Алла (Т.) негізінен сендердің оларды еске алатындықтарыңды біледі. Бірақ олармен жасырын уәде байласпаңдар. Әрине олармен адеттегі сөз сөйлесу басқа. Ғыддаты жетбейінше неке байлауды ойламаңдар. Расында Алланың жүректеріңдегіні білетіндігін біліңдер. Сонда Одан именіңдер әрі біліңдер. Алла (Т.) тым жарылқаушы, ерекше мұлайым.
236. Сендер әйелдерді жақындасудан, қалың тоқтасудан бұрын талақ қылсаңдар сөгіс жоқ. Сонда оларды шамалы өз жағдайынша, нашар өз халынша дұрыстықпен пайдаландырыңдар. Бұл жақсылық істеушілерге бір борыш.
237. Егер оларға қалың тоқтасып, жақындасудан бұрын талақ қылсаңдар, онда тоқтасқан қалыңның жартысы оларға тән. бірақ әйел кешсе немесе некенің түйіні қолындағы ер, кеңшілік етсе: (Тұтас берсе) ол басқа. Кеңшілік етулерің тақуалыққа жақынырақ. Сондай-ақ араларыңда кешірімділікті ұмытпаңдар. Шәксіз Алла (Т.) не істегендеріңді толық көруші.
238. Намаздарға ондай-ақ орта намазға сақтық істеңдер. Аллаға бой ұсынған түрде тұрыңдар.
239. Ал егер қауіп- қатер де болсаңдар, жаяу немесе көлікте (бет алған жаққа ишарамен оқыңдар.) Қашан бейбіт болсаңдар, сендерге білмегендеріңді үйреткеніндей Алла (Т.) ны зікір етіңдер.
240. Қайтыс болып, әйелдер қалдыратыңдар; әйелдерің бір жылға дейін (үйлерінен) шығарылмай қамдалуларын өсиет етсін. Егер өздері шығып олардың өздеріне байланысты дұрыс істеулерінде сендерге бір жауапкершілік жоқ. Алла (Т.) аса үстем, хикмет иесі (Бұл үкім
241. Ал ажыратылған әйелдердің де тиісті қамдалулары тақуалар үшін бір міндет.
242. Алла (Т.) түсінулерің үшін сендерге аяттарын осылайша баян етеді. (Израил ұрпақтарына, соғыс әмірі келгенде, өлімнен қорқып, үйлерін тастап қашса да өлімнен құтылмайды.)
243. (Мұхаммед Ғ.С.) ол мыңдағандардың өлімнен қорқып, жұрттарынан шыққандарын көрмейсің бе? Алла оларға: «Өліңдер» деді. Соңсоң оларды тірілтті. Күдіксіз Алла адамдарға кеңшілік иесі. Дегенмен адамдардың көбі шүкірлік қылмайды.
244. Алла жолында соғысыңдар әрі біліңдер. Алла толық естуші.
245. Кім Аллаға көркем қарыз берсе, (Алла жолында ықыласпен мал жұмсаса) сонда Алла (Т.) ол үшін көптеген есе арттырып береді. Алла тарылтады да кеңітеді. Әрі Ол жаққа қайтарыласыңдар.
246. (Бүкіл тәпсірлер бойынша «Ғамалқа» деген ел, Израил ұрпақтарына басқаншылық жасап, жерлерінен айдап шығарып, ата мұралары, діни кітаптары қойылған Сандықтарын тартып алып кетеді. Ал сол Ғамалқаның ұрпақтарынан Жалұт деген патшаның заманында, Израил ұрпақтары өз пайғамбарларына: «Бізге бір патша сайлап бер, оның қол астында соғысамыз» дейді.) (Мұхаммед Ғ.С.)Мұса (Ғ.С.) дан кейінгі Израил ұрпақтарының бастықтарын көрмейсің бе? Сол уақытта олар өз пайғамбарларына: «Бізге патша сайлап бер, Алла жолында соғысамыз» десті. Пайғамбар: «Мүбада сендерге соғыс парыз қылынса да соғыспасаңдар?!»,- деді. Олар: «Бізге Алла жолында соғыспайтын не болды? Расында жұрттарымыздан, бала- шағаларымыздан шығарылдық» десті. Бірақ оларға соғыс парыз болған сәтте, олардың өте аздарынан басқасы бас тартты. Алла залымдарды біледі.
247. Оларға пайғамбарлары: «дау жоқ. Алла сендерге талұтты патша сайлады» деді. Олар: «Оның бізге патшалығы қалайша болады? Одан көрі патшалыққа біздер лайықпыз. Сондай-ақ оған малдан да кеңшілік берілмеген еді» десті. Пайғамбар: «Негізінен сендерге оны Алла сайлады да өзін білімде әрі тұлғада артық қылды. Алла әкімшілікті қалағанына береді. Алла, әр нәрсені кеңінен білуші» деді.
248. Және олардың пайғамбарлары: «Оның патшалығының белгісі; Раббыларың тарапынан, көңілге тоқтау болатын сандықтың келуі. Онда Мұса, һарұн (Ғ.С.) семьяларынан қалған мұралар бар. Оны періштелер көтереді. Расында мұнда анық белгі бар. Егер сенсеңдер.
249. » Сонда Талұт әскерлерімен айрылған сәтте: «Расында Алла сендерді бір өзенмен сынайды. Кім одан ішсе, менен емес. Және кім одан татпаса, әрине ол менен. Бірақ кім қолымен көсіп алып қана ішсе басқа» деді. Сонда олардың өте азынан басқасы одан ішті. Сонымен Талұт және онымен бірге иман келтіргендер, өзеннен өткен шақта: « бізде Жалұт және оның ләшкерлеріне төтеп берер күш жоқ» деді. Сондай олардың анық Аллаға жолығуды ойлағандары: «Алланың қолдауымен қанша аз топ, көп топты жеңген. Алла сабырлармен бірге» деді.
250. Олар Жалұт және жауынгерлеріімен қарсыласқан сәтте: «раббымыз! Сабыр бер, табанымызды бекітіп, бізге кәпір қауымға қарсы жәрдем бере көр!»,- деді.
251. Сонда олар, оларды Алланың бұйрығымен жеңіліске ұшыратты. Дауыт жалұтты өлтірді. Алла (Т.) дауытқа патшалық, даналық берді. Әрі оған қалағанынан үйретті. (Темірден сауыт жасау құстардың тілін білу) Алла (Т.) адам баласының бірін- бірі арқылы қорғамаса, жер жүзі бұзылар еді. Алла, бүкіл әлемге кеңшілік иесі.
252. (Мұхаммед Ғ.С.) Осылар Алланың аяттары, оны саған шынайы түрде оқимыз. Шын мәнінде сен елшілерденсің.
253. Сол пайғамбарлардың кейбіреулерін кейбіреулерінен артық қылдық. Алла олардың кейбірімен сөйлескен, кейінің дәрежелерін көтерген. Мәрйем ұлы Ғиса (Ғ.С.) ға ашық мұғжизалар бердік те оны жебрейіл (Ғ.С.) арқылы қуаттадық. Егер Алла қаласа, өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін олар, пайғамбарлардан соң соғыспас еді. Бірақ олар қайшылыққа түсті. Сонда олардың кейі иман келтірді де кейі қарсы шықты. Егер Алла қаласа, олар бірін- бірі өлтірмес еді. Бірақ Алла қалағаның істейді.
254. Әй мүміндер! Сендерге берген несібемізден саудаласу, достық, болысушылық болмайтын бір күннің келуінен бұрын Алла жолында жұмсаңдар. Ал қарсы болушылар, олар залымдар.
255. Алла (Т.), Одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы, Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер Оған тән. оның хұзырында өзінің рұхсатынсыз кім шапағат етеді? Олардың алдарындағыны да арттарындағыны да біледі. Олар, Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді. Оның күрсісі (білімі) көктер мен жерді сыйдырады. Оған, ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Және Ол, өте биік, аса зор.
256. дінде зорлау жоқ. Расында туралық, азғындықтан ажыратылды. Енді кім жауыздыққа қарсы келіп, Аллаға иман келтірсе, сонла ол рас үзілмейтін (берік) тұтқаны ұстады. Алла әр нәрсені естуші, білуші.
257. Алла (Т.) иман келтіргендердің досы. Оларды қараңғылықтардан жарыққа шығарады. Ал қарсы болғандардың достары шайтан, оларды жарықтан қараңғылықтарға шығарады. Міне солар тозақтық. Олар, онда мәңгі қалады.
258. (Мұхаммед Ғ.С.) өзіне Алла патшалық берді деп, Ыбырайым (Ғ.С.) мен Раббы жайында таласқанын көрмедің бе? (Бұл Құдаймын деген бабыл патшасы Намрұд) Сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.): «раббым өлтіреді де тірілтеді» деді. Ол: «Мен де өлтіремін де тірілтемін» деп, (өлімге бұйырылған біреуді қоя беріп, жазықсыз біреуді өлтіртеді) Ыбырайым (Ғ.С.): «Расында Алла күнді шығыстан келтіреді, сен оны батыстан келтірші» деді. Сонда кәпір абыржып қалды. Алла залым елді тура жолға салмайды.
259. Немесе сондай қабырғалары төбесіне құлаған бір кенттен өткенді көрмедің бе? (Бұл Ғұзайыр Ғ.С.) Ол: «Алла бұны өлгеннен кейін қайтып тірілтеді?»,- деді. Алла оны жүз жыл өлтіріп, соңсоң тірілтіп: «Қанша жаттың?»,- деді. Ол: «Бір күн немесе күннің бір бөлімі жаттым» деді. (Алла): «Олай емес, жүз жыл өліп жаттың, енді тамағыңа сусыныңа бір қара! Өзгермеген. Ал енді есегіңе қара! Сені адамдарға үлгі үшін өстідік. Ал енді сүйектерге қара! Оны қайтып құрастырып, сонан соң оған ет кидіреміз» деді. (Ғұзайыр Ғ.С. шіріген сүйектердің құдыретше құралып, ет бітіп, жанданып түрегелгенін көрді.) Бұл жағдайлар оған ашықша білінгенде: «Сөзсіз Алланың әр нәрсеге күші жететінін білдім» деді.
260. Сонау заманда Ыбырайым (Ғ.С.): «Раббым! Өлікті қайтып тірілтесің, маған көрсет» деді. (Алла): «Маған сенбейсің бе?»,- деді. (Ыбырайым Ғ.С.): «Әрине сенемін, бірақ жүрегім орнықсын» деді. (Алла Т.): «Құстардан төртеу ұста да өзіңе үйірлестіріп, (сойып араластыр.)Сонсоң әр атудың басына бір бөлшегін қой да сонан кейін оларды шақыр; дереу саған жетіп келеді. Күдіксіз Алланың өте үстем хикмет иесі екенін біл» деді. (Ыбырайым Ғ.С.) бұйырылғанды орындады. Алланың әмәрә бойынша құстар тіріліп келді. (Бұлар: Тауыс, кептер, қарға, қораз делінген. Толық мәлімет тәпсірлерде.)
261. Алла жолында мал сарып қылғандардың мысалы: Әр сабағында, жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәрізді. Әрі Алла кімге қаласа, неше есе арттыра береді. Алла (Т.) тым кең, әр нәрсені білуші.
262. Сондай хайыр істегендер, бергендеріне міндетсу, ренжіту араластырмаса, (беріп алып бұлданбаса, кейітпесе) олаға Раббыларының хұзырында сыйлық бар. Сондай-ақ оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды.
263. Көркем сөз және кешірімділік, артынан бұлдану, кейіту араласқан садақан жақсы. Алла (Т.) бай, жұмсақ.
264. Әй мүміндер! Аллаға, ақирет күніне сенбей, адамдарға көрсету үшін мал сарып қылған кісідей, садақаларыңды міндет қылу, ренжітумен жоймаңдар. Міне соның мысалы: Үстінде топырағы бар тас сияқты, оған қатты нөсер жауса, (топырағын шайып) тас күйінде қалдырды. Олардың еңбектері еш болады. Алла қарсы болған елді тура жолға салмайды.
265. Сондай малдарын Алланың ризалығын тілеп, өз көңілдерін бекіту үшін Алла жолында сарып қылғандардың мысалы: Көтеріңкі жердегі нөсер жауып екі есе өнім берген бақша тәрізді. Сонда оған жаңбыр тимей, дымқыл тисе де өнім береді. Алла (Т.) не істегендеріңді толық көруші.
266. Сендердің біреулерің, астарынан өзендер шығатын: Құрмадан, жүзімнен әрбір жемістері бар бақшасы болса да өзіне кәрілік жетіп, нашар жас балалары болса, сонда ол бақшаны жалынды құйын келіп өртеп кетуін қалай ма? (Әрине қаламайды) Алла (Т.) түсінерсіңдер деп аяттарын өстіп баян етеді.
267. Әй мүміндер! Табыстарыңның және сендер үшін жерден шығарған нәрселеріміздің жақсыларынан, тиісті орынға жұмсаңдар. Ал және өздерің көздеріңді жұмып әрең ғана алатын сапасыз нәрсені Алла жолында беруді ойламаңдар. Біліңдер, Алла бай, мақтаулы.
268. Шайтан сендерді кедейлікпен қорқытады да арсыздықты әмір етеді. Ал Алла (Т.) сендерге өз қасынан жарылқауды, кеңшілікті уәде етеді. Алла аса кең, толық білуші.
269. Алла (Т.) хикметті (терең білімді) қалаған құлына береді. Ал кімге білім берілсе, оған көптеген игілік берілген болады. Бұны ақыл иелері ғана түсіне алады.
270. Алла жолында не берсеңдер немесе бір нәзір атасаңдар, күдіксіз Алла оны біледі. Және залымдар үшін ешбір әрдемші болмайды. (Берілген садақалармен аталған нәзірдің қай ниетпен болғанын Алла біледі де қарсы болушыларға жәрдем етілмейді.)
271. Егер садақаларды көрнеу берсеңдер, сонда ол қандай әйбет. (басқаларға жетекшілік болады) Егер оны жасырын беріп әрі оны пақырларға берсеңдер, әрине сендер үшін сондада жақсы. (Алушының абыройы қорғалып, мақтан араласпайды.) Алла сендердің күнәларыңды жарылқайды. Сондай-ақ Алла істегендеріңді толық білуші.
272. (Мұхаммед Ғ.С.) оларды тура жолға салу саған міндет емес. Бірақ Алла кімді қаласа, тура жолға салады. Ненде хайыр берсеңдер де сонда өздерің үшін; Алланың ризалығын тілеп қана берсеңдер, Алла жолында беретін хайыр өздеріңе толық төленеді әрі сендерге әділсіздік етілмейді.
273. Сондай Алла жолында қамалып шықпай отырған, жер жүзінде жүре алмайтын, білмегендер, оларды абырой сақтағандықтарынан бай деп ойлайтын пақырларға беріңдер. Оларды бейнесінен-ақ таныйсың. Олар адамдарға жабысып сұрамайды. Сендер не хайыр берсеңдер расында Алла (Т.) оны біледі.
274. Сондай малдарын күндіз- түні көмес және көрнеу Алла жолында жұмсағандар, сонда оларға Раббыларының сыйлықтары бар. Сондай-ақ оларға қорқу және әрі олар қайғырмайды.
275. Сондай өciм жегендер, (қабырларынан) жын соғып тұрғандай есеңгіреп тұрады. Бұл олардың: “Сауда да бейне өciм” дегендіктерінің салдарынан. Негізінде Алла сауданы халал, өciмді харам еткен. Сонда кім Раббынан насихат келгенде тыйылса өткені өтіп кетті. Оның ici Аллаға тән. Ал және кім қайталаса, мінe солар тозақтық. Олар онда мәңгі қалады.
276. Алла өсімді жояды да сауданы арттырады. Әpi Алла барлық қарсы келуші күнәкарды жақсы көрмейді.
277. Негізінен иман келтіріп iзгi ic iстегендер, намазды толық орындап, зекет бергендер, олар үшін Раббыларының қасында сыйлық бар. Оларға қорқу жоқ әpi олар қайғырмайды.
278. Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар. Егер сенсеңдер өсімнен қалып қалған (аласыларыңды) қалдырыңдар (алмаңдар).
279. Егер оны істемесеңдер, (өсім алғанды қоймасаңдар) бұны Аллаға, Пайғамбарына қарсы соғыс деп біліңдер. Егер тәубе қылсаңдар, сонда малдарыңның басы өздеріңдікі. Зұлымдық етпеген және зұлымдыққа ұшырамаған боласыңдар.
280. Ал егер борышты ауыр жағдайда болса, жақсарғанша қарау керек. Егер де садақа қылсаңдар сендер үшін тағы жақсы. Егер білген болсаңдар.
281. Аллаға қайтарылатын, сонсоң әpкiмнің еңбегі өздеріне кемітілмей толық бepiлeтін күннен сақсыныңдар.
282. Үйретеді. Сондай-ақ Алла (Т.) әр нәрсені толық білуші.
283. Ал егер сапарда болып, хатшы таба алмасаңдар, онда борыштыдан бодау алуға болады. Егер біріңе- бірің сенсеңдер, (бодаусыз берілсе) сенілген жан аманатын тапсырсын. Сондай-ақ Раббы Алладан қорықсын. Кәулікті (көргендеріңді) жасырмаңдар. Кім оны жасырса жүрегі күнәкар болады. Алла не істегендеріңді толық біледі.
284. Көктердегі және жердегі нәрселер Алланікі. Іштеріңдегілерді жарияласаңдар да жасырсаңдар да Алла сендерден оның есебін алады. Сонда кімді қаласа, жарылқайды да кімді қаласа, азап қылады. Сондай-ақ Алла (Т.) ның барлық нәрсеге толық күші жетеді.
285. Пайғамбар өзіне раббы тарапынан түсірілгенге иман келтірді. Мүміндер де барлығы: Аллаға, періштелерге, кітаптарға және пайғамбарларға иман келтірді. «Елшілердің араларын айырмаймыз, естідік те бой ұсындық. Раббымыз! Сенен жарылқау тілейміз, қайтып барар жеріміз де Сенің алдың» деді.
286. Алла (Т.) кісіге шамасы келетін міндетті ғана жүктейді; істеген жақсылығы өз пайдасына да, жамандығы зиянына. «Раббымыз! Егер ұмытсақ не жаңылсақ бізді қолға алма. Раббымыз! Бізге бізден бұрынғыларға жүктегеніңдей ауыр жүк жүктеме. Раббым! Бізге шамамыз келмейтінді артпа! Бізді кешір, бізді жарылқа, бізге мәрхамет ет. Сен иемізсің! Бізге кәпір қауымға қарсы жәрдем бер!»
Web hosting by Somee.com