Сүре 35. Фатыр
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
1. Көктерді және жерді жасаған сондай-ақ екі, тш және төрт қанатты періштелерді елші қылған Алла (Т.) ға барлық мақтау лайық. Ол, жаратуда қалағанын артгарады. Күдіксіз Алланың әр нәрсеге толық ктші жетуші.
2.
Алла (Т.) ның адам баласына берген мәрхаметін тосупш жоқ. Алланың тосқан нәрсесін артынан жіберуші жоқ. Ол аса үстем, тым хикмет иөсі.
3. Әй адам баласы! Алла сендерге берген ырысын еске алыңдар: Сендерге көктен, жерден несібе беретін бір жаратушы бар ма? Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сонда қалай тентіреп, бара жатырсыңдар?
4. (Мұхаммед Ғ.С.) олар сені жасынға шығарса, расында сенен бүрынгы елшілер де жасынга шығарылған еді. Барлық іс Аллага қайтады.
5. Әй адам баласы! Сөз жоқ, Алланың уәдесі хақ. Ендеше дтние тіршілігі сендерді әсте алдамасын. Сондай-ақ аса алдағыш та сендерді Алла туралы алдамасын.
6. Шәксіз сендерге шайтан дгшпан. Сондықтан сендер де оны дтшпан түтыңдар. Шын мәнінде шайтан өз тобын тозақтықтардан болуга шақырады.
7. Сондай қарсы болғандар, оларға қатты азап бар. Ал иман келтіріп, оң іс істегендер, олар тшін жарылқау әрі ірі сыйлық бар.
8. Сондай жаман ісі өзіне әдемі көрсетіліп, оны жақсы көрген біреу (жақсымен тең бе?) Алла қалағанын адастырып, қалағанын тура жолга салады. Ендеше (Мүхамиед Ғ.С.) оларға қайғырып, өзіңді жойма. Әрине Алла, олардың қылған істерін толық біледі.
9. Ол сондай Алла, желдерді жіберіп, сонда ол; Бұлтты қозғап, оны өлі бір жерге айдаймыз. Және жаңбыр арқылы жансыз қалған жерді қайта жандандырамыз. Өліктің тірілуі де осы сияқты.
10. Кім күрмет көксесе, негізінде бүкіл кәдір-қүрмет Аллаға тән. Көркем сөз Алла жаққа шығады. Сондай-ақ жақсы гамал оны көтереді. (Көркем сөз: Имаи, сенім. Жақсы гамал: Сенім бойынша істеген қүлшылық. Екеуі бір-бірін көтереді. Бірінсіз-бірі қабылданбайды. Б.М.К.Р.Х.) Ал сондай жамандықтың тәсілін істегендер, олар үшін қатты азап бар. Олардың тәсілдері ол, өзінен-өзі жоқ болады.
11. Алла (Т.) сендерді топырақтан сосын мәниден жаратып, кейін сендерді жүп-жүп қылды. Ешбір үргашы Алланың білімінён тыс жүкті болмайды да тумайды. Алланың Кітабында жазылган өмір үзартылмайды да қысқартылмайды. Әрине бүл Аллаға оңай.
12. Екі теңіз тең емес: Бгл тәтті шөл қандырады; ішілуі стйкімді. Ол, тұзды ащы. Әрбірінен жас ет (балық) жейсіңдер әрі тағатын сәндік-бүйымдар (інжу-маржан) шығарасыңдар. Сондай-ақ Алланың кеңшілігінен несібе іздеу тшін; кеменің теңізде суды жарып бара жатқанын көресің. Әрине шткір втерсіңдер.
13. Ол Алла, ттнді ктндізге кигізіп, ктндізді де ттнге кигізеді. Сондай-ақ ай мен кгнді игерді. Бәрі де белгілі бір мерзімге дейін жтріп ттрады. Біртттас осылар, Раббыларың Алланікі. Иелік Соған тән. Одан өзге табынғандарың бір үрық қабыгына да ие емес.
14. Егер оларға жалбарынсаңдар, дауыстарыңды естімейді. Мтбада олар естісе де сендерге жауап қайтара алмайды. Сондай-ақ қиямет кгні олар сендердің ортақ қосқандықтарыңнан танады. Толық хабар беруші Алладай саған ешкім түсіндірмейді.
15. Әй адам баласы! Аллаға мүхтажсыңдар. Алла (Т.) Ол, әр нәрседен мұңсыз, өте мақтаулы.
16. Қаласа сендерді жоқ етеді де жаңа ел акеле алады.
17. Я, бүл Аллаға қиын емес.
18. Ешбір күнәкар, басқаның Күнәсын көтермейді. Күнәсы ауыр болган біреу көтеруге шақырса, егер жақыны болса да олан еш нәрсе жүктелмейді. (Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде Раббыларынан көрмей-ақ қорыққандарды, намазды орындағандарды ғана үгіттей аласың. Ал кім күнадан тазарса, өзі үшін тазарады. Және барар жері Алла жақ.
19. Соқыр мен көруші тең емес. (Кәпір мен Мұсылман, надан мен ғалым. Ж.М)
20. Қараңғылық пен жарық тең емес. (Шындық пен өтірік. Б.)
21. Көлеңке мен ыстық тең емес. (Жаннатпен тозақ. Ж.М.)
22. Тірілер мен өліктер тең емес. Рас Алла (Т.) әлде кімді қаласа, естіртеді. (Мұхаммед Ғ.С.) сеи, қабырлардағы біреулерге естірте алмайсың. (Қарсылықта қасарысқандар, қабырлардағы өліктерге теңеліп отыр. Б.Ж.М.Р.)
23. Сен, бір ескертуші ғанасың.
24. Сөз жоқ, сені шындықпен қуантушы, қорқытушы етіп жібердік. Негізінде бір ескертуші болиаған бір гмиет жоқ.
25. Егер сені жасынға шығарса, расында бглардан бгрын мүғжизалар, иүсқаулар және нүрландырушы Кітап келтірген пайғамбарларды да жасынға шыгарған.
26. Сосын қарсы келгендерді қолға алдым. Сонда соққыи қалай екен!
27. Шын Алланың көктен жаңбыр жаудырғанын көрмейсің бе? Сонда онымен ттрлі-түсті жемістер шығардық. Соидай-ақ таулардан да ақ, қызыл әрі қап-қара түрлі-түсті жолақтарды көрмейсің бе?
28. Адамдардан, қүрт-қүмырсқа және ірі жәндіктерден түрлі-түстегілер осындай. Шын мәнінде қүлдарынан ғалымдары; Алладан қорқады. Рас Алла өте үстем, аса жарылқаушы
29. Әрине Алланың Кітабьга оқып, намазды толық орындагандар және өздеріне берген несібемізден көрнеу, көмес түрде тиісті орынға жүмсағандар, еш түгемейтін бір сауда (сауап) үміт ете алады.
30. Өйткені Алла, олардың сыйлықтарын толық беріп, әрі өз кеңшілігінен артылтып береді. Әрине Ол, өте жарылқаушы, аса қадыр білуші.
31. (Мұхаммед Ғ.С.) сондай саган біз уахи еткен Қүран, ол хақ. Алдынғыны растаушы. Әрине Алла, қүлдарынан анық хабар алушы, тым қырағы.
32. Сосын ол Кітапты қүлдарымыздан таңдаганымызға мүра қылдық. (Бүлар; сахабалар, оған ергендер, тіпті қияметке дейінгі галымдар. Б.М.К.Р.) Және олардан әлде кім өзіне кесір тигізеді де кейі ортада болады. Ал тағы біреулері, Алланың бүйырығынша жақсылықтарға ілгерлеуші болады. Міне осы, үлы мәрхамет.
33. Олар, ғадын жаннаттарына кіреді. Онда алтын және інжу білезіктермен безенеді де олардың онда киімдері жібектен болады.
34. Олар: "Барлық мақтау бізден қайгыны жойған Алла (Т.) ға лайық. Әрине Раббымыз аса жарылқаушы, қадыр білуші" дейді.
35. "Ол өз кеңшілігінен бізді түрақты орынға орналастырды. Бізге бүл жерде шаршау да жалыгу да болмайды" (деп бата қылады.)
36. Ал енді қарсы келушілер үшін тозақ оты бар. Оларға өлім үкімі берілмейді. Олардан азап жеңітіпмейді. Әрбір қарсы келушілерді өстіп жазалаймыз.
37. Олар тозақта: "Бізді тозақтан шыгар! Істеген ғамалдарымыздан басқа жақсы гамал істейік" деп шыңғырады. "Сендерге; үгіт алғысы көлген кісі, үгіт алатын өмір бермедік пе? Әрі сендерге ескертуші де келген еді. Енді татыңдар Залымдар үшін ешбір көмекші жоқ" (делінеді.)
38. Әрине Алла (Т.) көктер мен жердің көмесін біледі. Шәксіз Ол, көңілдердегіні де біледі.
39. Ол сондай Алла сендерді жер жтзінде орынбасар қылды. Сонда кім қарсы келсе, қарсылығының обалы өзіне. Қарсы болушылардың қарсылығы Раббыларының ызасынан басқаны арттырмайды әрі қарсы болушылардың қарсылы зиянды гана арттырады.
40. (Мұхаммед Ғ.С.): "Алладан басқа табынган ортақтарыңды көрдіңдер ме? Маған көрсетіңдерші. Олар, жер жтзінде не жаратты? Немесе олардың көктерде бір одақтығы бар ма? Не Біз оларга кітап беріп, олар бір дәлел тстінде ме? Жоқ олай емес. Залымдар бірін-бірі алдауды ғана уәде етеді" де.
41. Рас Алла (Т.) көктер мен жерді бүүлжытпай үстайды. Мүбада екеуіне бір зауал болса, Одан кейін оны ешкім үстап түра алмайды. Шәксіз Ол, тым жүмсақ, аса жарылқаушы
42. Олар, өздеріне ескертуші келсе, әлде бір үмметтен көрі тағы туралықта болатындықтарына Аллаға шынымен ант қылған. Бірақ, оларга ескертуші келген заман, олардың жиренулерін гана қоздырды. (6-С. 26-А.)
43. Олар жер жүзінде паңсып жаман тәсіл жасады. Негізінде айлакерліктің кесірі иесіне гана болады. Олар, бүрынғылардың жолынан басқаны күте ме? (Олардың басына келгенді ғана күтеді.) Алланың жолынан әсте бір өзгеріс таба алмайсың да Алланың жолынан бір бүрылыс көре алмайсың.
44. Олар, жер жүзінде кезбей ме? Сонда олар, өздерінен бүрынгылардың соңының не болғанын көрер еді. Тіпті олардың күші, бүлардан артық еді. Көктердегі және жердегі нәрселер Алланы осалдата алмайды. Шексіз Ол, толық білуші, аса күшті.
45. Егер Алла (Т.) адам баласын қылықтары себепті қолға алатын болса, жер жтзінде ешбір жәндік қалдьірмас еді. Бірақ оларды белгілі бір мерзімге дейін кешіктірді. Қашан олардың мезгілі жетсе, сонда Алла қүлдарын толық көреді.
Web hosting by Somee.com