Сүре 40. Ғафыр
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
1. Ұғымын Алла (Т.) біледі.
2.
Кітаптың ттсірілуі, өте үстем, аса білуші Алла тарапынан.
3. Күнәны жарылқаушы, тәубені қабыл етуші, азабы да қатты және кеңшілік иесі. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Әрі қайтар орын Сол жақ.
4. Алланың аяттары турасында қарсы болғандар ғана тартысады. (Мүхаммед Ғ.С.) сені, олардың мемлекеттерде кезіп жүрулері алдамасын. (3-С. 196-А.)
5. Олардан бүрында Нүх (Ғ.С.) тың елі әрі одан кейінгі топтар да жасынға шығарган болатын. Әр үмиет өз елшілерін қолға алуга бел байлады. Сондай-ақ хақиқатты бос нәрселер арқылы қүлатуға тырысты. Сондықтан оларды қолға алдым. Жазаландыруым қалай екен?
6. Осылайша қарсы болушыларға байланысты Раббыңның сөзі шындыққа айналды. Сөз жоқ, олар тозақтық.
7. Сондай ғаршыны көтерген және оның маңындағы періштелер, Раббыларын мақтаумен дәріптейді, Оған сенеді. Сондай-ақ иман келтіргендер үшін: "Раббымыз! Мәрхаметің, білімің әр нәрсені сидырып, ішіне алған. Сондықтан тәубе етіп, жолыңа түскендерді жарылқа! Әрі оларды тозақтан сақтай көр!",- (деп тілейді.) (Ғаршыны көтеруден мақсат; қорғау, басқаруға міндеттендірілген періштелер: Олар сап-сап болып, Алланың бірлігін, ұлықтығын баян етіп, дәріптей қүлшылық қыла отырып Мүсылмандар үшін де хайыр дүға етеді. Б.Ж.М.К.Р.)
8. "Раббымыз! Оларды әрі аталарынан, жүбайларынан және үрпақтарынан кім ттзу болса, оларды өзің уәде еткен Ғадын жаннаттарына кіргізе көр. Ктдіксіз Сен өзің тым үстем, аса данасың..."
9. "Оларды жамандықтардан қорга. Ол күні кімді жамандықтан қоргасаң, сөз жоқ, оны мәрхаметіңе бөлеген боласың. Міне сол, зор қолы жеткендік."
10. Расында сондай қарсы болғандарға (қиямет күні): "Алланың ашуы, сендердің өз ашуларыңнан зорырақ. Өйткені, сендер иманға шақырылған кезде, қарсы болдықдар" деп дабысталады.
11. Олар: "Раббымыз! Бізді екі рет тірілтіп екі рет өлтірдің. Енді күнәларымызға мойындадық. Ал енді бізге шығар жол бар ма?",-дейді. (2-С. 28-А.)
12. Оларға: "Бір ғана Аллага шақырылғанда қарсы шықтыңдар да ал Оған ортақ қосылса, сенетін едіңдер. Ал енді үкім өте жоғары, аса үлы Аллага тән" (делінеді)
13. Ол сондай Алла, сендерге дәлелдерін көрсетті. Тағы сендерге көктен несібе түсірді. Бірақ бой үсынган кісі ғана үгіт алады.
14. Егер қарсы болғандар, жек көрсе де дінді өзіне ғана арнап, нағыз Аллага жалбарыңдар.
15. Ол, дәрежелерді көтеруші, ғаршының иесі. Жолығатын күнді ескерту үшін қтлдарынан кімді қаласа, өз бүйрығымен уахи түсіреді. (Бүл жердегі "Рүх"; уахи мағнасында. Б.Ж.М.)
16. Ол күні; олар, көрнеуге шығарылады. Олардан ешбір нәрсе Аллаға жасырын болмайды. "Бтгін патшалық кімдікі? Тек қана жалгыз, тым өктем Алланікі" (делінеді.)
17. Бүгін әркім істегені бойынша жазаланады. Бтгін зүлымдық болмайды. Ктдіксіз Аляа (Т.) тез есеп көруші.
18. (Мтхаммед Ғ.С.) оларға жақындаған қиямет күнін ескерт. Сол уақытта, жтректер жүтқыншаққа келіп, қылғынып, лоқсушылар болады. Залымдар тшін бір дос та ықбалды болушы да болмайды.
19. Алла көздердің қиянатын және көкіректердегі құпияны біледі.
20. Алла (Т.) туралық бойынша үкім береді. Олардың Алладан өзге жалбарынғандары, еш нәрсеге үкім бере алмайды. Күдіксіз Алла (Т.) толық естуші, тым қырағы.
21. Олар жер жүзінде кезіп, өздерінен бүрынғы, тағы күшті әрі жер жүзінде көп деректер қалдырғандардың соңдарының қалай болганын көрмей ме? Сонда Алла, олардьі күнәлары себепті қолға алган. Сондай-ақ оларды Алладан қоргаушы жоқ.
22. Осылар, расында өздеріне ашық белгілермен келген елшілеріне қарсы келулерінің салдарынан; Алла, оларды қолға алды. Өйткені Ол, тым күшті, азабы өте қатты.
23. Расында Мұса (Ғ.С.) ны мүғжизаларымыз әрі ашық дәлелмен жібердік.
24. Перғауын, Ьаман және Қарүнға жібердік. Олар: "Өтірікші жадыгер" деді.
25. (Мұса Ғ.С.) оларға жанымыздан шындық келтірген кезде: "Онымен бірге иман келтіргендердің үлдарын өлтіріңдер, әйелдерін тірі қойыңдар" деді. Бірақ кәпірлердің әдістері мүлде зая болар.
26. Перғауын: "Мені қоя беріңдер, Мұсаны өлтірейін. Ол, Раббына жалбарынсын. Расында мен оның, діндеріңді өзгертуінен немесе жер жүзінде бір бұзақылық шығаруьгаан қорқамын" деді.
27. Мұса (Ғ.С.): "Мен, есеп күніне сенбеген әр текаппардан, менің де Раббым, сендердің де Раббыларыңа сиындым" деді.
28. Пергауын семьясынан иманын жасырған бір мүмін: "Раббым Алла.деген кісіні өлтірмеңдер. Расында ол, сендерге Раббыларыңнан мүғжизалармен келді. Егер өтірікші болса, өтірігі өзіне, ал егер шыншыл болса, сендерді қорқытқан апаттың кейі бастарыңа келер. Расында Алла, шектен шыққан суайт біреуді тура жолға салмайды" деді.
29. "Әй елім! Бүгін патшалық сендердікі. Бұл жерде өктемсіңдер. Ал егер (Алланың ашуы) бізге келсе, сонда бізді Алланың апатынан кім қорғайы?",- деді. Перғауын: "Мен сендерге өз көзқарасымды ғана айтамын. Сондай-ақ сендерді тура жолға ғана саламын" деді.
30. Иман келтірген кісі: "Әй елім! Расында мен сендерге (өткен) топтардың күні сияқты күн (келуі) нен қорқамын" деді.
31. "Айталық: Нүх (Ғ.С.) елінің, Рад, Сәмүд және олардан кейінгілердің әдеттері тәрізді. Алла (Т.) қүлдарына зүлымдық қаламайды!"
32. "Әй елім! Расында мен, сендерге келетін ойбайласу күнінен қорқамын!"
33. "Сол күні арттарыңа бүрылып қашасыңдар. Сендерді Алладан қоргаушы болмайды. Алла кімді адастырса, оған тура жол көрсетуші болмайды."
34. "Расында Мұса (Ғ.С.) дан бүрын Юсып (Ғ.С.) сендерге дәлелдермен келген еді. Алайда сендерге келтірген нәрседен үнемі ктдікте едіңдер. Ақыр Юсып (Ғ.С.) қайтыс болғанда: "Алла одан кейін ешбір елші жібермейді" деген едіңдер. Осылайша Алла, шектен шығушы, ктдіктенуші кісіні адастырады."
35. "Олар, өздеріне келген ешбір дәлел болмаса да, Алланың аяттары жайында тартысады. БҮЛ Алланың қасында да мтміндердің қасында да зор кейіс. Өстіп Алла, әрбір тәкаппар, зорлықшылдардьің жүрегіне мөр басады. (Бітейді.)"
36. Перғауын: "Әй ћаман! Маган бір мүнара жаса. Бәлкім жолдарға жетермін" дейді.
37. "Көктердің жолдарына жетіп, Мұсаның Тәңірін байқаймын. Расында мен оны өтірікші деп ойлаймын." Осылайша Перғауынға жаман істері көркем көрсетіліп, жолдан тосылды. Перғауынның тәсілдері, мтлде жойылуда.
38. Иман келтірген кісі: "Әй елім! Маган ілесіңдер. Сөндерді тура жолға саламын" деді.
39. "Әй елім! Шын мәнінде бүл дтние тіршілігі, уақытша пайдалану. Сөзсіз ахирет, ол; түрақты жүрт."
40. "Әлде кіи бір жамандық істесе, сонда ол, соның өзіндей ғана жаза көреді. Ал және ер, әйел кімде-кім сенген түрде ізгі іс істесе, ал міне солар; жаннатқа кіреді. Сондай-ақ олар онда есепсіз ризыққа бөленеді."
41. "Әй елім! Маған не болды? Мен сендерді қүтылуга шақырамын. Сендер мені тозаққа шақырасыңдар."
42. "Әрі сендер мені Аллаға қарсы болуға сондай-ақ білмеген нәрсені Оган ортақ қосуға да шақырасыңдар. Мен, сендерді өте тстем, аса жарылқаушы Аллага шақырамын..."
43. "Ктдік жоқ, шын мәнінде сендердің мені шақьірған нәрселерің, дтниеде де ахиретте де шақыруға лайық емес. (Немесе олар шақыру ктшіне ие емес.) Сөзсіз бәріміздің қайтар жеріміз Алла жақ. Расында шектен шығушылар, олар тозақтық."
44. "Таяуда менің айтқанымды түсінесіңдер. Мен ісімді Аллаға тапсырамын. Күдіксіз Алла, құлдарын толық көруші" деді.
45. Енді Алла, оны, олар жасаған сұмдықтарынан қорғады. Перғауындықтарды стркей азап баурап алды. (Дүниеде суға батты. Ахиретте тозаққа кіреді. Ж.)
46. Олар ертелі-кеш отқа тсынылады. Қиямет-қайым болган күні: "Перғауындықтарды азаптьің ең қаттысына кіргізіңдер."
47. Сол уақытта олар тозақта керкілдеседі. Нашарлары, паңсығандарына: "Расында біз сендерге ерген едік. Ал енді сендер, бізден оттың бір бөлімін кетіре аласыңдар ма?",-дейді.
48. Паңсыгандары: "Расында бәріміз тозақтамыз. Ктдіксіз Алла, қүлдарының арасына ткім беріп қойған" дейді.
49. Оттағылар, тозақтың сақшысына: "Раббыларыңнан тілеңдер. Азабымыздан бір күн жеңілтсін" дейді.
50. (Тозақ сақшылары): "Сендерге елшілерің мүғжизалармен келмеді ме?",- дейді. Олар: "Әрине!",- дейді. (Сақшылар): "Ендеше жалбарыныңдар, кәпірлердің тілегі мүлде зая кетудө" дейді.
51. Расында елшілерімізге иман келтіргендерге дтние тіршілігінде де куәлікке тұратын (қиямет) күні де әлбетте жәрдем етеміз.
52. Ол күні залымдардың желеулері кәдеге аспайды. Оларға қарғыс болады. Және жүрттың жаманы да солардікі.
53. Расында Мтса (Ғ.С.) ға тура жол беріп, Израил ұрпақтарын Тәуратқа мүрагер қылдық.
54. Ақыл иелеріне тура жол әрі үгіт.
55. (Мүхаммед Ғ.С.) ендеше сабыр ет. Шын мәнінде Алланың уәдесі хақ. Ертелі-кеш күнәңның жарылқануын тіле. Раббыңды дәріптеп, макта. (48-С. 2-А.)
56. Алланың аяттарьгаа байланысты өздеріне бір дәлел келмесе де тартысқандардың көкіректерінде өздері әсте жете алмайтын бір менмендік бар. Енді Аллаға сиын. Күдіксіз Ол, толық естуші, аса қырагы.
57. Әлбетте көктер мен жерді жарату, адамдарды жаратудан зор. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді.
58. Соқыр мен көруші тең емес. Сондай-ақ иман квлтіріп, ізгі іс істегендер мен жамандық істеушілер де тең емес. Аз ғана түсінесіңдер.
59. Расында қиямет сағаты келеді. Онда шәк жоқ. Бірақ адамдардың көбі сенбейді.
60. Раббыларың: "Маған жалбарыңдар! Тілектеріңді қабылдаймын. Расында Маған құлшылық қылудан паңсығандар, олар қор болып, тозаққа кіреді" дейді.
61. Ол сондай Алла, сендерге түнді тынығу, күндізді көру үшін жаратты. Күдіксіз Алла, тым кеңшілік иесі. Бірақ адамдардың көбі шүкірлік қылмайды.
62. Міне осы Алла Раббыларың. Әр нәрсені жаратушы; Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Қайтып адастырыласыңдар?
63. Осылайша Алланың аяттарына қарсы келгендер адастырылады.
64. Ол Алла сендерге жерді түрақ, көкті күмбез қылды. Сондай-ақ сендерді бейнелегенде көркем бейнеледі. Және де таза нәрселерден көрек берді. Міне осы Алла, Раббыларың. Төтенше үлы Алла, бүкіл әлемнің Раббы.
65. Ол тірі Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ендеше дінді Оған арнап, нагыз ынтамен өзіне жалбарыныңдар. Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббына лайық.
66. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Маған Раббымнан ашық дәлелдер келген заман; сендердің Алладан өзге жалбарынгандарыңа қүлшылық қылуыма тыйым салындым. Сондай-ақ әлемдердің Раббына бой үсынуға бүйрылдым" де.
67. Сондай Алла сендерді топырақтан, сосын мәниден, сосын ұйыған қаннан жаратып, кейін бөбек қып шыгарып, соңыра ержеткізіп, кәртейтеді. Кейбіреулеріңді (ержетуден) бүрын өлтіреді. Кейбірің белгілі мерзімге жетесіңдер. Әрине ойланарсыңдар.
68. Ол сондай Алла, тірілтеді әрі өлтіреді. Қашан бір істі бүйыргысы келсе, шын мәнінде оған: "Бол" дейді. Сонда ол бола қалады.
69. (Мгхаммед Ғ.С.) Алланың аяттары турасында тартысқандарды көрмейсің бе? Қалайша айналдырылады?
70. Сондай осы Кітапты, елшілерімізге жібергендерімізді жасынға шығаргандар, олар жедел біледі.
71. Сол уақытта олардың мойындарында ажырғылар, боғаулар болған түрде сүйреледі.
72. Қайнап түрған суда болып, сосын отқа жағылады.
73. Сосын оларға: "Алладан өзге ортақ қосқан нәрселерің қайда?",-делінеді.
74. олар: "(Өзгелер) бізден ғайып болды. Бәлкім біз бүрын еш нәрсеге шоқынбаушы едік" дейді. Алла кәпірлерді өстіп тентіретеді.
75. "Бүл сендердің жер жүзінде орынсыз мәз болып, масайрауларыңның салдарынан."
76. Оларға: "Ішінде мәңгі қалатын тозақтың есігінен кіріңдер. тәкаппарлардың орны нендей жаман!"
77. (Мұхаммед Ғ.С.) енді сабыр ет. Алланың уәдесі хақ. Ал енді мейлі оларға еткен уәдеміздің кейбірін саған көрсетсек те(көзің тірісінде болса да) немесе саған өлім берсек те (бүрын қайтыс болсаң да) олар Біз жаққа қайтарылады.
78. Расында сенен бүрында елшілер жібердік. Олардың кейбірін саған баян еттік те кейбірін баян етпедік. Ешбір елші Алланың рүхсаты болмайынша бір мүғжиза келтіре алмайды. Қашан Алланың әмірі келсе, хақиқат бойынша гкім етіледі. БҮЛ жерде бүзақылар зиянға үшырайды.
79. Ол сондай Алла, Сендер үшін малдарды жаратты. Кейбірін мінесіңдер де кейбірін жейсіңдер.
80. Оларда сендерге түрлі пайдалар бар. Олардың үстінде көңілдеріңдегі хажетті жерге жетулерің тшін; оларға мініп және кемеде тасымалданасыңдар.
81. Алла сендерге белгілерін көрсетеді. Ал сонда Алланың қайсы белгілеріне қарсы келесіңдер?
82. Олар жер жүзінде кезбеді ме? Сонда өздерінен бүрынғылардың соңының не болғанын көрер еді. Олар, бүлардан көп және ктшті әрі жер жүзінде қалдырғаң деректері мықты еді. Сонда да табыстары олардың істеріне жарамады.
83. Өйткені оларга, елшілері, мүғжизалармен келгенде, өз қастарындағы білімге мардамсыды да ажыуалаған нәрселері бастарына жетті.
84. Ал енді азабымызды көргенде: "Жалғыз ғана Аллаға сендік. Сондай-ақ Оған ортақ қосқан нәрселерімізге қарсы келдік" дейді.
85. Бірақ, азабымызды көргендегі сенімдері оларга пайда бермейді. Өйткені, Алланың қүлдарына байланысты болып, келе жатқан жолы осы. Бұл жерде кәпірлер зиян көреді.
Web hosting by Somee.com