Сүре 42. Шура
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
1. Ха Мим.
2.
‘Айн Син Қаф.
3. (Мұхаммед Ғ.С.) тым тстем, аса дана Алла (Т.) саған да сенен бүрынғыларға да осылайша уахи етті.
4. Көктердегі, жердегі барлық нәрсе Онікі. Ол тым жоғары, өте зор.
5. (Алладан қорқып) көктер тстінен жарыла жаздайды. Періштелер Раббыларын дәріптей мақтап, жердегілерге жарылқау тілейді. Көңіл бөліңдер. Күдіксіз Алла, тым жарылқаушы, төтенше мейірімді. (40-С. 7-А.)
6. Сондай Алладан өзге ие жасап алғандарды; Алла бақылайды. (Мұхаммед Ғ.С.) Сен оларға кепіл емессің.
7. Осылайша қалалардың орталыгы (Мекке халқын) әрі маңындағыларды қорқытуың және де болуында шәк жоқ күні, жиналуды ескертуің үшін; саған арапша Бір Құран уахи еттік. Ол күні; бір топ жаннатта, бір топ тозақта.
8. Мүбада Алла қаласа оларды бір-ақ үммет қылар еді. Алайда Алла, кімді қаласа, мәрхаметіне бөлейді. Залымдарға дос та көмекші де жоқ.
9. Я, олар Алладан өзге ие жасап алды ма? Негізінде Алла, өзі ие; Ол өліні тірілтеді. Және Оның әр нәрсеге толық күші жетуші.
10. Сендер тартысқан нәрсе турасында шешім жасау Аллаға тән. Міне осы Алла, менің Раббым. Оған тәуекел еттім әрі Оған мойынсал болдым.
11. Көктер мен жердің жаратушысы; ;ендер үшін өз жыныстарыңнан жүбайлар жаратып, хайуандар үшін це жүптер жаратушы. Өстіп сендерді эсірді. Еш нәрсе Ол сияқты емес. Ол Алла, әр нәрсені естуші, толнқ көруші.
12. Көктер мен жердің (қазыналарының) кілті Оған тән. Кімді қаласа, несібесін кеңітеді де шамалайды. Өйткені Ол, әр нәрсені толық білуші.
13. (Мұхаммед Ғ.С.) Алла Нүх (Ғ.С.) қа нүсқау берген нәрселерді және саган уахи еткенімізді сондай-ақ Ыбырайым, Мүса және Ғиса (Ғ.С.) га нүсқау берген нәрселерімізді сендерге діни жол қылды: Дінді мықты орындаңдар да дінде бөлінбеңдер. Сенің шақырган нәрсең мүшріктерге ауыр келді. Алла оған (сен шақырған дінге) кімді қаласа, оны сайлайды. Кім Оған бейімдесе оны тура жолга салады.
14. Олар өздеріне білім келгеннен кейін араларындагы көре алмастықтың салдарынан гана бөлінді. Егер Раббың тарапынан, белгілі бір мерзімге дейін сөз бекіген болмаса еді, әлбетте араларында іс біткен болар еді. Расында олардан кейін Кітапқа мүрагер етілгендер де әлбетте одан шәк ішінде күдүктенуші.
15. (Мұхаммед Ғ.С.) міне сол үшін хақиқатқа шақыр да бүйрылғаныңдай мықты түр. Олардың ойларына ілеспе және оларға: "Алла түсірген Кітапқа иман келтірдім. Сондай-ақ араларыңда әділдік қылуға бүйрылдым. Алла, біздің де Раббымыз, сендердің де Раббыларың. Біздің ісіміз бізге, сендердің істерің сендерге тән. Сендер мен біздің арамызда тартыс жоқ. Алла арамызды қосады. Және қайтар орын сол жақ" де.
16. Дін қабылданғаннан кейін Алла турасында дауласқандардың даулары Раббыларының қасында босқа. Оларга ашу және қатты азап бар.
17. Ол сондай Алла, Кітапты және өлшеуді шындықпен түсірді. Қайдан білесің? Қиямет жақын шығар.
18. Оған сенбегендер, асығыс тілейді. Сенгендер, одан үрейленіп, оның хақ екенін біледі. Сақ болыңар! Ол мезгіл жайында тартысатындар, әлбетте үзақ адасуда.
19. Алла (Т.) қүлдарын өте аяушы. Кімді қаласа, несібе береді. Ол өте күшті, тым үстем.
20. Кім ахирет пайдасын қаласа, оған оның пайдасын арттыра түсеміз. Ал және кім дүниенің пайдасын іздесе, оган одан береміз. Оған ахиретте несібе жоқ.
21. Немесе дін түрғасынан Алла бүйырмаган нәрсені оларга шариғат қылатын ортақтары бар ма? Егер Алланың шешімі бекіген болмаса еді, әрине араларында іс бітер еді. Күдіксіз залымдар үшін күйзелтуші азап бар.
22. (Мұхаммед Ғ.С.) залымдарды, қылмыстарының жазасы келуінен шошығандарын көресің. Ал сондай иман келтіріп, түзу іс істегендер, жаннат бақшаларында болады. Олар үшін Раббыларының қасында не тілесе бар. Міне сол, үлы кеңшілік.
23. Міне Алла, иман келтіріп, ттзу іс істеген қүлдарын қуанышқа бөлейді. (Мұхаммед Ғ.С.): "Сендерден бүған жақындық махаббаттан басқа ешбір ақы тілемеймін" де. Кім бір жақсы табысқа ие болса, оның бүндағы жақсылығын арттыра ттсеміз. Күдіксіз Алла, тым жарылқаушы, пггкірлікті багалаушы. (Бүл аяттағы, жақын сүйіспеншілік: "Қүлшылық арқылы Аллаға жақындау. Немесе Қүрайштан болғандығым үшін жақындық көрсетіп жапа бермеулеріңді қалаймын" деген үғымдарда. Б.Ж.М.К.Р.)
24. (Мұхаммед Ғ.С. олар сені): "Аллаға өтірік жала қойды" дей ме? Алла қаласа, сенің жүрегіңді де бітер еді. Алла, өтірікті жойып, өз сөздерімен шындықты шынға шыгарады. Өйткені Ол, жүректегілерді толық біледі.
25. Ол, қүлдарының тәубесін қабыл етеді де күнәларын кешіреді. Әрі не істегендеріңді біледі.
26. Сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендердің тілегін қабыл етіп, кеңшілігімен арттыра түседі. Ал қарсы болғавдар үшін қатты азап бар.
27. Егер Алла қүлдарына несібені кеңітіп жіберсе, әлбетте жер жүзінде бүліншілік шыгарады. Бірақ қалаған мөлшерде несібе береді. (43-С. 32-А.) Өйткені Ол, қүлдарынан толық хабар алушы, көруші.
28. Ол сондай Алла, олар күдер үзгеннен кейін жаңбыр жаудырып, рахметін шашады. Ол мақтаулы ие.
29. Көктер мен жердің жаратылуы және ондағы жәндіктердің таралуы Оның белгілерінен. Ол, оларды қашан қаласа да жинауға күші толық жетеді.
30. Бастарыңа келген бір ауыршылық, қолекі істегендеріңнің салдарынан болады. Және де Алла көбін кешіп жібереді.
31. Сендер Оны жер жүзінде осалдата алмайсыңдар. Сондай-ақ сендерге Алладан өзге ие де жәрдемші де жоқ.
32. Теңізде таулардай кемелердің жүруі де Алланың белгілерінен.
33. Егер Ол қаласа, желді тоқтатар еді де кемелер су үстінде түрьш қалар еді. Даусыз бүнда өте сабырлы, толық шүкір етушілерге өнегелер бар.
34. Немесе оларды қылмыстарының салдарынан жоқ етеді; көбін кешірім етеді.
35. Аяттарымыз турасында тартысқандар, өздеріне бір қашатын жер болмағанын білсін.
36. Ал енді сендерге берілген нәрсе, дүние тіршілігінің ғана пайдасы. Алланың қасындағы нәрселер иман келтіріп, Раббыларьша тәуекел етушілер үшін хайырлы да түракты.
37. Сондай зор күнәлардан, арсыздықтардан сақтанган сондай-ақ ашу кернеген кезде өздері кешірім еткендер;
38. Ал және сондай Раббыларына мақүл дегендер, намазды толық орындагандар сондай-ақ өзара істерін кеңеспен жүргізгендер және өздеріне берген несібемізді тиісті орындарға жүмсағандар. (3-С. 159-А.) (Т-Қ.) (Өзара ақылдасып, іс жүргізу Мүсылманшылықтың елеулі бір сипаты боп, саналады.)
39. Және де егер оларға бір зүлымдық болса, олар жәрдемдеседі.
40. Бір жамандықтың жазасы өзіндей ғана жамандық. Сонда кім кешірім етіп, жарасса; онда оның сыйлығы Аллаға тән. Күдіксіз Ол, залымдарды жақсы көрмейді.
41. Әлбетте біреу зүлымдық көргеннен кейін өшін алса, сонда оларға сын жоқ.
42. Шынында сөгіс, адамдарга зүлымдық қылып, жер жүзінде орынсыз шектен шыққандарға лайық. Міне солар үшін жан түршігерлік азап бар.
43. Әрине кім сабыр етіп, кешірімді болса, дау жоқ, істердің ең маңыздысы осы.
44. Әлде кімді Алла адастырса, сонда одан кейін оның ешбір жәрдемшісі болмайды. Залымдар азапты көрген сәтте: "Қайтатын бір жол бар ма?",-дегенін көресің.
45. Олар тозаққа төндірілгенде, корлықтан сүмірейіп, жасырын көз қүйрыгымен қарағанын көресің; иман келтіргендер оларды: "Зиянда болғандар, қиямет күні; өздерін де семьяларын да зиянға ұшыратқандар" дейді. Байқаңдар! Дау жоқ, залымдар ттрақты азапта болады.
46. Олардың өздеріне Алладан басқа жәрдем ететін достары жоқ. Әлде кімді Алла адастырса, сонда оған ешбір жол жоқ.
47. Алла тарапынан, кейін қайтарылмайтын бір күн келуден бүрын Раббыларыңа мақүл деңдер. Ол күні сендерге паналар жер жоқ әрі тана алмайсыңдар!
48. (Мұхаммед Ғ.С.) енді егер олар бет бүрса, сені оларга күзетші етіп, жібермедік. Саған жалгастыру ғана міндет. Расында қашан адам баласына өз мәрхаметімізден таттырсақ, сонда оған мәз болады. Ал егер қолекі істеген кесірлерінің салдарынан бастарына бір жамандық келсе, сонда сөз жоқ, адам баласы мүлде қарсы келеді.
49. Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Қалағанын жаратады. Кімге қаласа, қыздар, кімге қаласа үлдар береді.
50. Немесе үлдармен қыздарды жүп-жүбімен береді. Сондай-ақ қалағанын бедеу қылады. Күдіксіз Ол, толық білуші, аса күшті.
51. Алла (Т.) бір адам баласымен көкейіне салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі: Не бір елші жіберіп, өз бүйрығымен қалаганын уахи етеді. Күдіксіз Ол, өте жоғары, хикмет иесі. (Мысалы: Ыбырайым Ғ.С. га баласын қүрбан шалу түсінде аян берілген.27-С. 12-А. Алла (Т.) Мүса Ғ.С. га көрінбей, сөзі естілген түрде сөйлескен. 7-С. 143-А. Көбінесе Пайғамбарларға уахи арқылы нүсқау берілген.4-С. 163-А.)
52. (Мұхаммед Р.С.) саған осылайша әмірімізден бір "Рүх" (Құран. Ж.М.Р.) уахи еттік. Сен, Кітап не? Иман не? ] Білмейтін едің. Бірақ Құранды нүр , қылып, онымен қтлдарымыздан кімді қаласақ, тура жолға саламыз. Расында сен тура жолға бастайсың.
53. Ол, көктер мен жердегі нәрселер өзіне тән Алланың жолы. Сақ болыңдар! Істер Аллаға қайтады.
Web hosting by Somee.com