Сүре 44. Дұхан
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
1. Ұғымын Алла (Т.) біледі.
2.
Ашық баян етуші Құранға серт.
3. Шын мәнінде оны қүтты бір кеште түсірдік. Расында Біз ескертушіміз. (97-С. 1-А.)
4. Ол кеште барлық хикметті істер айрылады.
5. БҮЛ өз қасымыздан бір бұйрық. Расында елшілерді жіберушіміз.
6. (Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның игілігі. Күдіксіз Ол, әр нәрсені естуші, толық білуші.
7. Егер анық сенетін болсаңдар, көктер мен жердің әрі екі арасындағылардың Раббы.
8. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Тірілтеді, өлтіреді. Сендердің де Раббыларың, бұрынғы аталарыңның да Раббы.
9. Бірақ олар, бір күдік ішінде ойнауда.
10. (Мұхаммед Ғ.С.) ендеше аспанның бір ашық түтін келтіретін күнін күт. (Қуаншылықтан аш қалған елдің көздері бүлдырап, жер, көктің бүлыңғыр көрінетін күні. Немесе қиямет белгілері түрінде қаптайтын қара түнек. Б.Ж.М.К.Р.)
11. Адамдарды қаптап алады; БҮЛ жан түршігерлік азап.
12. Олар: "Раббымыз! Бізден бүл азапты айықтыр. Шынында иман келтіргенміз."
13. Оларға үгіт алу қайда? Расында оларга ашық түсіндіруші бір Пайғамбар келген.
14. Сосын олар одан бүрылды да: "Үйретілген бір жынды" деді.
15. Расында бейнетті біраз айықтырамыз. Дау жоқ! Сендер қайталайсыңдар.
16. Өте қатты үстаумен үстаған күні, әрине тиісті жазасын береміз.
17. Расында бүлардан бүрын Перғауын елін де сынаған едік. Оларға ардақты пайғамбар келген.
18. "Алланың қүлдарын маған тапсырыңдар. Өйткені мен сендерге сенімді бір Пайғамбармын" деді.
19. "Аллаға астамшылық қылмаңдар. Шын иәнінде сендерге ашық дәлелмен келдім."
20. "Күдіксіз мен сендердің таспен атуларыңнан Раббыма және сендердің де Раббыларың (Аллаға) сиындым."
21. "Егер маған иланбасаңдар, менен аулақ болыңдар."
22. Сонда (Мүса Ғ.С.): "Бүлар қылмысты ел" деп, Раббына жалбарынды.
23. (Алла Т.): "Қүлдарымды түнде алып кет. Сөз жоқ, арттарыңа қуғыншы түседі."
24. "(Теңізден өтіп алганнан кейін) теңізді ашық қойып қой. Өйткені олар суға бататын ләшкер!
25. Олар қаншалаган бақшалар, бүлақтар қалдырды;
26. Қаншалаган егіндер, көркем мекендерді де.
27. Сондай-ақ ішінде қарқ болып кенелген дәулеттерді де.
28. Осылайша оларға басқа бір елді мүрагер қылдық.
29. Сонда оларға көк те жер де жыламады. Әрі олар тостырылмады. (Оларга қайгырган да болмады және мүрса да берілмеді.Б.)
30. Расында Израил үрпақтарын қорлаушы бөйнеттен қүтқардық;
31. Пергауыннан. Өйткені ол, тым шектен шығушылардан еді.
32. Расында Израил үрпақтарын біле түра әлемге ықпалды қылдық.
33. Сондай-ақ оларға мүғжизалар бердік. Онда ашық сынау бар еді.
34. Күдіксіз олар, бүйдейді:
35. "Бізге осы алғашқы өлімнен басқа түк жоқ. Сондай-ақ біз қайта тірілмейміз;"
36. "Мүбада рас айтушы болсаңдар, аталарымызды алып келіңдерші;"
37. (Мұхаммед Ғ.С.) олар артық па? Немесе Түббағ елі ме? Олардан бүрынгы елдер ме? Оларды да жоқ еттік. Өйткені олар қылмысты еді.
38. Көктерді де жерді де әрі екі арасындағы нәрселерді де ойьгашық қып жаратпадық.
39. Екеуін хақиқат бойынша жараттық. Бірақ олардың көбі білмейді.
40. Расында олардың бір арага жиналатын билік күні.
41. Ол күні достың досқа еш пайдасы болмайды әрі оларга жәрдем етілмейді.
42. Бірақ Алла мәрхамет еткен кісі ғана пайдалана алады. Күдіксіз Ол Алла, тым тстем, ерекше мейірімді.
43. Шынында заққүм агашы; (23-С. 62-А.)
44. Күнәкарлардың тамагы.
45. Балқыган кен сияқты қарындарында қайнайды.
46. Қайнаған су қүсаған."
47. "Оны үстаңдар да сүйретіп, тозақтың ортасына тастаңдар."
48. "Сосын басының үстіне азап ретінде қайнар су қойыңдар."
49. "(Азапты) тат. Расында сен өзіңше үстем, қүрметті едің."
50. "Шынында күдіктенген нәрселерің осы."
51. Шын мәнінде тақуалар аман бір орында болады;
52. Бақшаларда бүлақтарда,
53. Жүқа қалың жібектер киіп, ерсілі-қарсылы отырады.
54. Осы сияқты, сондай-ақ оларды бота көз хүрлармен үйлендіреміз.
55. Ол жерде бейбіт түрде әр түрлі жемісті сүрай алады.
56. Ол жерде дүниедегі алғашқы өлімнен басқа ешбір өлім татпайды. Алла оларды тозақтың азабынан сақтаған.
57. Раббыңнан кеңшілік, міне осы зор қол жеткендік.
58. (Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде олардың үгіт алулары үшін Құранды сенің тіліңнен ғана оңайластырдық.
59. Нәтижені сен де күт. Расында олар да күтуде.
Web hosting by Somee.com