Сүре 53. Нәжім
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
1. Батып бара жатқан жұлдыздарға серт.
2.
Жолдастарың (Мұхаммед Ғ.С.) адаспады да ауытқымады.
3. Ол өз ойынан сөйлемейді.
4. Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана.
5. Оған оны өте күшті (Жебрейіл Ғ.С.) үйретті.
6. Ол қуат иесі (Жебрейіл өз бейнесінде) тура түрды. (Бүл көрініс Хыра тауында болган. Ж.Р.)
7. Ол, жоғары көк жиекте еді.
8. Ол, жақындап төмендеді.
9. Тіпті садақтың екі басындай әлде жақынырақ.
10. Сонда Алла, қүлына уахи ететін нәрселерін көкейіне салды.
11. Оның көзінің көргенін көңлі жалганга шыгармады.
12. Ал енді оның көрген нәрсесіне сендер таласасыңдар ма?
13. Расында ол, Жебрейілді екінші рет көрді.
14. Түрақтау агашының жанында.
15. Оның қасында Мәуа жаннаты бар.
16. Сол уақытта ағашты қаптаған нәрсе қаптады.
17. (Мұхаммед Ғ.С.ның) көзі таймады да үстірт қарамады.
18. Расында ол, Раббының ірі белгілерін көрді.
19. Лат пен Ғүззаны көрдіңдер ме?
20. Үшінші басқа Менатты?
21. Еркек сендердікі де үрғашы Алланікі ме?
22. Онда бүл, орынсыз бір бөліс.
23. БҮЛ, сендер және аталарың қойған қүр аттар ғана. Алла оларға байланысты бір дәлел түсірген жоқ. Олар ойларына көңілдері қалағанына ғана ереді. Расында оларға Раббыларынан туралық (Пайғамбар) келді.
24. Немесе адамзатқа көксегені бола бере ме?
25. Негізінде ахирет, дүние Алланың иелігінде.
26. Көктерде қаншалаған періште бар. Алла қалап, разы болган кісісіне рүхсат бермейінше, олардың шапағаты еш нәрсеге жарамайды.
27. Шынында сондай ақиретке иман келтіргендер, періштелерді (Алланың қыздары деп) әйел атымен атайды.
28. Негізінде оған байланысты бір мәліметтері жоқ. Ойға ғана ереді. Шын мәнінде қүр ой, шындық жағынан еш нәрсеге түрмайды.
29. (Мұхаммед Ғ.С.) тгітімізден жалтарып, дтние тіршілігін ғана қалаган кісіден бет бтр.
30. Міне олардың білімі осыған-ақ жетеді. Шынында Раббың жолынан адасқан кісіні де жақсы біледі. Және тура жолға түскенді де жақсы біледі.
31. Көктердегі әрі жердегі нәрселер Аллаға тән. Сондай жамандық істегендер, істегендерімен жазаланады да жақсылық істегендерді жақсылыққа бөлейді.
32. Сондай күнәлардың тлкенінен және арсыздықтан сақтанғандардың аздаған кінәлары болса да шәксіз Раббыңның жарылқауы кең. Сендерді жерден жаратқанда және аналарыңның қарнында шикі өкпе кездеріңді де жақсы біледі. Сондықтан өздеріңді өздерің ақтамаңдар. Ол, кім тақуа екенін жақсы біледі.
33. (Мүхаимед Ғ.С.) сондай бет бүрганды көрдің бе?
34. Ол, аз берді, тоқтатты.
35. Оның жанында қүпия білім болып, шындықты сол көре ме?
36. Оған Мүса (Ғ.С.) ның нтсқаларындағы нәрселер білдірілмеді ме?
37. Сондай-ақ әмірді орындаушы Ыбырайым (Ғ.С.) ның да.
38. Ешбір күнәкар, басқаның күнәсын көтермейді.
39. Адамзат; еңбегіне жарай ғана табысқа ие болады.
40. Сөз жоқ, еңбегінің нәтижесін жедел көреді.
41. Сонсоң оған еңбегінің бодауы толық беріледі.
42. Күдіксіз Раббыңа тиянақтайды.
43. Шын мәнінде күлдірген де жылатқкан да Ол.
44. Өйткені, өлтірген де тірілткен де Ол.
45. Шүбәсыз Алла, ер, әйелді жүп жаратқан.
46. Тамызылған бір тамшы "мәни" суынан.
47. Шәксіз екінші жасау да Оған тән.
48. Сөз жоқ, байытқан да өркендеткен де Ол.
49. Расында Ол, "Шығра" жүлдызының Раббы.
50. Күдіксіз бүрынгы Ғад елін жоқ етті.
51. Сондай-ақ Сәмүд елін де қалдырмады.
52. Одан бүрын Нүх (Ғ.С.) тың қауымын да. Өйткені олар өте залым, тым жолдан шыққан еді.
53. Төңкерілген кентті жермен-жексен етті. (Лүт Ғ.С. ның елі.)
54. Сонда оларды апат қаптаған сайын қаптады.
55. Ал енді Раббыңның қай нығметтерінен күмәнданасыңдар.
56. БҮЛ Пайғамбар бүрынгы ескертушіден бір ескертуші.
57. Қиямет жақындады.
58. Оны Алладан өзге әшкерелеуші жоқ.
59. Ал енді сендер осы сөзге таңырқайсыңдар ма?
60. Күлесіңдер, жыламайсыңдар.
61. (Сәжде бар.) Сендер кәперсізсіңдер.
62. Ал енді Аллаға сәжде қылып, қүлшылық істеңдер.
Web hosting by Somee.com