Сүре 54. Қамар
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
1. Қиямет жақындады, ай жарылды.
2. Олар бір мүғжиза көрсе бет бүрады да: "Жалғасты түрдегі бір сиқыр" дейді.
3. Олар жасынға шығарып, әуестеріне ерді. Негізінде әр істің бір түрағы бар.
4. Расында оларға секем аларлық хабар келіп болды.
5. Жеткілікті хикмет бар. Сонда да ескертулер пайда бермес.
6. (Мұхаммед Ғ.С.) ендеше, олардан бет бүр. Бір күні шақырушы жаман іске шақырады.
7. Олар, қабырларынан көздерін сүлмейтіп, таралған шекіртке қүсап шығады.
8. Шақырушы жаққа жүгірген кәпірлер: "Бүл ауыр күн" дейді.
9. Олардан бүрын Нүх (Ғ.С.) тың қауымы да өтірік деген. Қүлыиызды жасынға шығарып: "Жынды" деген, әрі жебірленген еді.
10. Сонда ол, Раббына: "Күдіксіз мен жеңілдім, маған нүсрат бер" деп, жалбарынған.
11. Сондықтан көктің есігін қүйылған жаңбыриен аштық.
12. Жерді жарып, қайнарлар шығардық. Сонда су өлшеулі әмір бойынша қосылды.
13. Оны (Нүхты) шегеленген тақтайлы кемеге орналастырдық.
14. Қарсы келгендерге жаза түрінде Нүх (Ғ.С.) тың кемесі көз алдымызда жүріп бара жатты.
15. Расында оны гибрат қып қалдырдық. Сонда түсінуші бар ма?
16. Азабым, ескертуім қалай екен?
17. Расында Құранды тгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?
18. Ғад елі де жасынға айналдырған. Азабым ескертуім қалай екен?
19. Өйткені, оларға сәтсіз күнде; үздіксіз куілдеген боран жібердік.
20. Адамдарды түбінен қопарылған қүрманың ағашындай жүлып, әкететін еді.
21. Азабым, ескертуім қалай екен?
22. Расында Құранды насихат үшін қолайлы қылдық. Қане, сонда түсінуші бар ма?
23. Сәмүд елі ескертушіні жасынға айналдырды:
24. "Өзімізден бір адамға ерейік бе? Әрине ол уақытта біз адасуда әрі есі алаң боламыз" деді.
25. "Арамыздан үгіт оған түсірілді ме? Жоқ, ол, мүлде өтірікші, өзімшіл" деді.
26. Олар ертең-ақ кімнің барып түрған суайт, қүж екенін біледі.
27. Расында аруананы оларга сын үшін жібердік. Сондықтан оларды байқа, сабыр ет. (Әй Салих, делінді.)
28. Оларға: "Су араларында кезекті; әркім ішу кезегінде әзір болсын" деп ттсіндір. (Қүдықтың суын бір күн ттйе, бір күн ел ішеді. Б.Ж.М.Р.)
29. Сонда олар жолдастарын шақырды да сонда ол, қылышын алып, түйені өлтірді.
30. Сонда азабым, ескертуім қалай екен?
31. Дүрысында оларға бір қатты дауыс жібердік те олар шарбақ қораның үматылган қу жапырағындай болды.
32. Шүбәсыз Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Қане сонда түсінуші бар ма?
33. Лүт елі де ескертуді жасынга айналдырған.
34. Дүрысында оларға тас жаудырған боран жібердік. Бірақ Лүт (Ғ.С.) тың семьясын таңменен қүтқардық. (29-С. 33-А.)
35. Бізден бір нығметке бөленеді. Осылайша кім шүкірлік етсе, сыйлық береміз.
36. Расында (Лүт Ғ.С.) оларга, апатымызды ескертті. Дегенмен олар, ескертуге күмәнмен қарады.
37. Расында олар Лүт (Ғ.С.) тың қонақтарынан дәме қылды. Сондықтан олардың көздерін соқыр қылдық: "Ал азабымды, ескертуімді татыңдар."
38. Расында оларга тәңертең ерте бір азап келді.
39. "Ал азабым, ескертуім қалай екен?"
40. Әрине Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Қане түсінуші бар ма?
41. Расында Перғауындықтарга да ескертуші келген еді.
42. Олар мүгжизаларымыздың бәрін жасынга айналдырды. Сондыктан оларды өте күшті қолға алумен қолға алдық.
43. Сендердің қасарысуларың олардан артық па? Немесе сендер үшін кітаптарда бір ақтама бар ма?
44. Не олар: "Біз өш алушы бір топпыз" дей ме?
45. Ол топ, таяуда жеңіліске үшырап, арттарына бүрылып қашады.
46. Әлбетте оларга уәде етілген қиямет, ол; үрейлі, тым ащы бір мезгіл.
47. Шәксіз күнәкарлар, адасуда және қүтыруда.
48. Ол күні, олар, тозақта етпетінен сүйреледі: "Тозақтың азабын татыңдар" (делінеді.)
49. Шын мәнінде әр нәрсені бір өлшеумен жараттық.
50. Әміріміз бір-ақ қас қаққандай.
51. Расында сендер сияқтыларды жоқ еткен едік. Ал сонда ттсінуші бар ма?
52. Олар істеген әр нәрсе дәптерде бекітілген.
53. Үлкен-кіші әр нәрсе жазулы.
54. Күдіксіз тақуалар, бейіштердегі өзен жағасында.
55. Ықпалды ткім иесінің хтзырындағы қалаған орньшда.
Web hosting by Somee.com