Сүре 56. Уақиға
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
1. Қиямет уақиғасы болған кезде,
2.
Оның болуын өтірік деуші болмас.
3. (Ол) төмендетеді, жоғарлатады.
4. Сол уақытта жер түтас сілкіндіріледі.
5. Таулар мтлде үгітіледі.
6. Үшқан тозаңдай болады.
7. Сол уақытта сендер үш бөлімге бөлінесіңдер;
8. (Ғамал дәптері оңынан берілген) оңшылдар, нендей жақсы ол оңшылдар.
9. (Ғамал дәптері солынан берілген) солшылдар, нендей жаман ол солшылдар.
10. Озаттар алдынғы қатарда болады.
11. Міне солар, Аллаға жақын болғандар.
12. Үжмақта нығметке бөленеді;
13. Бүрынгылардан көбірек.
14. Соңғылардан азырақ.
15. Безенген тақтар үстінде.
16. Олардың үстінде ерсілі-қарсылы отырады.
17. Оларға өзгермес жастар айналып, қызмет етеді;
18. Ағып жатқан арақтан толтырылған шелектер, қүмандар және кәселерменен.
19. Ол; бас ауыртпайды да мас қылмайды.
20. Қалаған жемістері бар.
21. Көңілдері соққан қүс еті бар.
22. Бота көз хүрлар бар.
23. Сақтаулы інжу сияқты.
24. БҮЛ істеген ғамалдарының сыйлығы.
25. Олар жаннатта бос не күнәлы сөз естімейді.
26. Бірақ "Сәлем, сәлем" деген сөзді ғана естиді.
27. Оңшылдар, ол оңшылдар нендей бақытты.
28. Олар тікенсіз сидыр (ағаштары);
29. Жемістері үсті-тстіне шоғырланған мүз (банан) ағаштарының,
30. Созылған көлеңкенің астында болады.
31. Сарқырап аққан су бар.
32. Мол жеміс бар;
33. Ешбір түгеп, үзілмейтін, ешкім қорымайтын,
34. Биік төсектерде болады.
35. Расында хүр қыздарын жаңадан жаратамыз. (Немесе жаннаттық әйелдерді қайтадан жаратамыз.Б.)
36. Оларды ер көрмеген қыздар етіп, жаратамыз.
37. Күйеуін сүйгіш қүрдас болады.
38. БҮЛ айтылғандар, оңшылдар үшін болады.
39. Бір топ бүрынғылардан
40. Бір топ соңғылардан.
41. Солшылдар, сол шолшылдар невдей сүмырай.
42. Олар ыстық бу, қайнар суда болады.
43. Қара түнек көлеңкеде болады.
44. Салқын да емес, жайлы да емес.
45. Өйткені олар, бүдан бүрын (дүниеде) тоң мойын әуесқорлар еді.
46. Зор күнәда қасарысушы еді.
47. "Өліп, топырақ және сүйектер болсақ та шын тірілеміз бе?",- дейді.
48. "Бүрынғы аталарымыз да тіріле ме?",- (дейді.)
49. (Мұхаммед Ғ.С.): "Сөзсіз бүрынғылар да, соңғылар да.",- де.
50. "Әлбетте, мәлім күнде белгілі орынға жиналады" (де.)
51. Сосын сендер әй адасқан өтірікшілер!
52. Әлбетте агаштан, Заққүмнан жейсіңдер.
53. Одан қарындарыңды толтырасыңдар.
54. Оның үстіне қайнар судан ішесіңдер.
55. Шөлдеген түйеше, сіміресіңдер.
56. Міне олардың қиямет күнгі сыйлықтары.
57. Сендерді Біз жараттық. Сонда неге мойындамайсыңдар?
58. Сендер тамызған мәни суын көрдіңдер ме?
59. Оны сендер жаратасыңдар ма? Немесе Біз жаратмыз ба?
60. Біз араларыңда өлімді белгіледік. Бізден ешкім озалмайды.
61. Сендердің бейнелеріңді өзгертіп, сендер білмегенді жарата аламыз.
62. Расында бүрынгы жаратуды білесіңдер, ендеше түсінбейсіңдер ме?
63. Ал енді еккендеріңді көрдіңдер ме?
64. Оны сендер өсіресіңдер ме? Не Біз өсіреміз бе?
65. Егер қаласақ, оны қоқымга айналдырар едік. Сонда күңкілдесе берер едіңдер;
66. "Расында зиянға үшырадық,"
67. "Тіпті мүлде бос қалдық" (дер едіңдер.)
68. Ішкен суларыңды көрдіңдер ме?
69. Оны бұлттан сендер жаудырасыңдар ма? Немесе Біз жаудырамыз ба?
70. Егер қаласақ оны ащы қылар едік. Ендеше, шүкір етпейсіңдер ме?
71. Жаққан оттарыңды көрдіңдер ме?
72. Оның ағашын сендер жараттыңдар ма? немесе Біз жараттық па?
73. Біз оны бір ескерткіш және жүргіншілер үшін пайдалы қылдық.
74. (Мұхаммед Ғ.С.) Ендеше Раббыңды үлы атымен дәріпте.
75. Ал енді жүлдыздардың орындарына серт етемін.
76. Егер білсеңдер, ол, зор серт.
77. Шын мәнінде ол ардақты Құран.
78. Кітапта (Лаухы Махфүзда. Б.М.Р.) сақтаулы.
79. Оны тап-таза болғандар ғана үстайды. (Дәретсіз кісі үстамайды.)
80. Әлемдердің Раббы жақтан түсірілген.
81. Сендер осы сөзді қүр көресіңдер ме?
82. Расында берген ризыққа шүкір етудің орнына оны жасынга шығарасыңдар ма? (Ж.)
83. Ал жан жүтқыншаққа келген кезде;
84. Сол уақытта сендер қарап қаласыңдар.
85. Негізінде ол өліп бара жатқанға Біз жақынырақпыз. Сендер көрмейсіңдер.
86. Ал сонда егер жазаланбайтын болсаңдар;
87. Егер шын айтсаңдар, оның жанын қайтарыңдаршы.
88. Ал егер өлген кісі, Аллаға жақындардан болса;
89. Сонда оған рахатты шаттық әрі нығметті үжмақ бар.
90. Ал енді өлі оңшылдардан болса;
91. Саған оңшылдардан, "Сәлем" (делінеді.)
92. Егер өлі, жасынға шығарушы адасқандардан болса;
93. Сонда оның қонақ асысы, қайнар судан болады.
94. Әрі тозаққа салынады.
95. Сөзсіз міне анық шындық осы.
96. (Мұхаммед Ғ.С.) үлы Раббыңды атымен дәріпте.
Web hosting by Somee.com