Сүре 57. Хадид
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
1. Көктер мен жердегі нәрселер Алланы дәріптейді. Ол Алла, өте үстем, хикмет иесі
2.
Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Тірілтеді, өлтіреді. Ол, әр нәрсеге күші толық жетуші.
3. Ол Алла (Т.) әуелгі әрі соқғы (әр нәрседен бүрын ежелден бар әрі меңгі қалады, соңы жоқ). Және Ол, (әр түрлі дәлелдермен) көрнеу әрі (ақыл жетпейтін) көмес. Сондай-ақ Ол, әр нәрсені толық білуші.
4. Ол сондай Алла, көктер мен жерді алты күнде жаратып, сосын ғаршыны игерді. Ол, жерге кірген нәрсені әрі одан шыққан нәрсені және көктен түскен нәрсені, оған көтерілген нәрсені біледі. Сондай-ақ Ол, қайда болсаңдар да сендермен бірге. Алла не істегендеріңді толық көруші.
5. Көктер мен жердің иелігі Оган тән. Әрі барлық істер Оған қайтады.
6. Ттнді күндізге ауыстырады, күвдізді түнге ауыстырады. Сондай-ақ Ол көңілдегілерді толық біледі.
7. Аллаға, Елшісіне иман келтіріңдер. Және сендерді ие қылған нәрселерден тиісті орынға жүмсаңдар. Өйткені, сондай сендерден иман келтіріп, тиісті орынға мал жұмсағандар үшін ірі сыйлық бар.
8. Пайғамбар, сендерді Раббыларыңа иман келтіруге шақырса да Аллаға иман келтірмейтін сендерге не болды? Негізінде Алла, сендерден серт алған. Егер иман келтіретін болсаңдар. (5-С. 7-А., 7-С. 172-А.)
9. Ол сондай Алла, сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін қүлына (Мұхаммед Ғ.С.ға) ап-ашық аяттар түсірді. Сөзсіз Алла, сендерге тым жүмсақ, ерекше мейірімді.
10. Алла жолында мал жүмсамайтын сендерге не болды? Негізінен көктер мен жердің мүрагерлігі Аллаға тән. Сендерден Меккенің Алнуынан бүрын Алла жолында мал сарып қылып, соғысқан кісі; одан кейін мал сарып етіп, согысқан кісімен тең емес. Олар дәреже түрғысынан үлкен. Сондай-ақ Алла бәріне де жақсылық уәде етті. Алла істеген гамалдарыңды толық білуші.
11. Әлде кім Аллаға көркем қарыз берсе, (тиісті орынга мал жүмсаса) сонда Алла, оны неше есе арттырады да оған көркем сауап береді. (2-С. 245-А.)
12. Сол күні мүмін ерлер, мүмін әйелдердің нтрлары алдарында әрі оң жақтарында жтгіргенін көресің: "Сендерге бтгін куаныш. Астарынан өзендер ағатын тжиақтар бар. Ол арада мтлде қаласықдар. Міне осы үлы қол жеткендік" (делінеді.)
13. Сол күні, мүнафық ерлериен мүнафық әйелдер, Мүміндерге: "Бізге көздеріңнің қырын салыңдар! Нтларыңнан бізде пайдаланайықшы!",- дейді. Оларға: "Арттарыңа қайтып, ңүр іздеңдер!",-делінеді. Сонда олардың араларына есігі бар бір дуар орнатылады. Оның ішінде рахмет, сырт жағьінда азап бар.
14. Мүнафықтар, мүміндерге: "Сендермен бірге болмап па едік?',-деп, айғайлайды. Олар: "Әрине, бірақ сендер өздеріңді сүмдыққа салдыңдар, күттіңдер, күмәндандыңдар. Сендерді қүр үміттерің Алланың әмірі келгенге дейін алдады. Сондай-ақ сендерді Аллаға байланысты алдаушы (шайтан) алдады" дейді.
15. Сондықтан бүгін сендерден бір төлеу қабыл етілмейді әрі кәпірлерден де. Орындарың тозақ. Ол сендердің достарың. нендей жаман орын.
16. Иман келтіргендердің жүректері Алланың зікіріне (Құранга) жүмсап әрі түскен хақиқатқа жібімей ме? Ал енді бүрын өздеріне Кітап беріліп, сосын үзын мерзім өткендіктен жүректері қатайгандар сияқты болиаңдар. Олардың көбі бүзақылар.
17. Біліңдер, Алла, жер өлгеннен кейін жандандырады. Расында ттсінулерің үшін сендерге белгілерді ашықша көрсетеді.
18. Шүбәсыз садақа беруші ерлермен садақа беруші әйелдер, сондай-ақ Аллаға көркем борыш бергендер, (тиісті орынға мал сарып қылгандар,) оларға неше есе арттырады әрі олар үшін көркем сыйлық бар.
19. Сондай Аллаға, Елшісіне иман келтіргендер, Міне солар, Раббыларының қасында шыншылдар және шейіт болғандар. Олар үшін сыйлықтар және нүрлар бар. Ал сондай қарсы келіп, аяттарымызды жасынға шыгаргандар, міне солар, тозақтық.
20. Біліңдер! Шын мәнінде дүние тіршілігі бір ойын, ермек, сән және өзара мақтанысу, сондай-ақ малдарды, балаларды көбейту ғана. (3-С. 14-А.) БҮНЫҢ мысалы: Өсірген өсімдігі кәпірлерді таңырқатқан жаңбыр сияқты. Сосын қурап, сап-сары болғанын көресің. Содан кейін үгінді болады. Ахиретте қатты азап әрі Алладан жарылқау, ризалық бар. Негізінде дүние тіршілігі бір алданыштың ғана нәрсесі.
21. Раббыларыңнан жарылқауга және кеңдігі жер мен көктің кеңдігіндей; Аллаға, Елшісіне иман келтіргендер үшін әзірленген жаннатқа жарысыңдар. Ол, Алла (Т.) ның мәрхаметі. Оны қалаган кісісіне береді. Алла (Т.) зор кеңшілік иесі.
22. Жер жүзіне сондан-ақ сендерге мүбада бір бейнет келетін болса, ол, жаратуымыздан бүрын Кітапта жазулы. Шәксіз осы, Аллаға жеңіл.
23. БҮЛ өткенге өкінбеулерің, өздеріңе берілгенге сүйінбеулерің ; үшін. Алла бүкіл текаппар, иақтаншақты жақсы көрмейді.
24. Олар сондай сараңдық қылып, кісілерді де сараңдыққа бүйыргандар. Ал кім жалтарса, Алла тым бай, мақтауга лайық.
25. Расында елшілерімізді ашық мүғжизаларымызбен жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Ютапты, мизанды (Әр нәрсенің өлшеуін) жібердік. Сондай-ақ темірді пайда қылдық. Онда мықты күш әрі адамзат үшін хажеттер бар. (Соғыс қүралдары тағы басқа аспаптар темірден жасалады. Тіпті темірсіз өмір болиайды. Б.Ж.М.Р.К.) Алла онымен дініне, елшілеріне көрмей-ақ көмек еткен кісіні мәлім етеді. Сөзсіз Алла, өте күшті, тым үстем.
26. Расында Нүх (Ғ.С.) және Ыбырайым (Ғ.С.) ды жібердік. Екеуінің үрпақтарынан да пайғамбар қылып, кітап бердік. Олардан тура жол тапқандары да бар. Олардың көбірегі бүзақылар.
27. Сосын олардың артынан жалгасты түрде елшілерімізді жібере отырып, Мәрйем тлы Ғиса (Ғ.С.) ны жіберіп; оған ілескендердің жүректеріне жүмсақтық, мейірімділік салдық. (Ранбанятты); дүниеден безушілікті олар өздері шығарды. Оны оларға жазбадық. Бірақ олар Алланың ризалығын іздеу үшін (шыгарды.) Сонда олар оны да шын мәнінде меңгере алмады. Олардан иман келтіргендерге бодауларын бердік. Олардың көбірегі бүзақылар.
28. Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар, Елшісіне иман келтіріңдер. Сендерге мәрхаметінен екі есе береді. Әрі сендерге сонымен жүретін нүр жаратады. Сендерді жарылқайды. Алла (Т.) тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.
29. Кітап иелері Алланың кеңшілігінен еш нәрсеге ие бола алмайтындықтарын білсін. Шәксіз, мәрхамет Алланың қолында. Қалаған қүлына береді. Алла (Т.) зор кеңшілік иесі.
Web hosting by Somee.com