Сүре 61. Саф
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
1. Көктер мен жердегі нәрселер Алланы дәріптейді. Ол Алла, тым үстем, аса дана.
2.
Әй мүміндер! Істемейтін істеріңді неге айтасыңдар.
3. Істемейтін істеріңді сөйлеулерің Алланың қасында зор ашуға себеп болады.
4. Күдіксіз Алла (Т.) өзінің жолында мықты қаланған дуардай сап болып, согысқандарды жақсы көреді.
5. Сол уақытта, Мүса (Ғ.С.) еліне: "Мені не үшін ренжітесіңдер? Шын мәнінде сендерге Алланың елшісі екенімді рас білесіңдер" деген еді. Сонда олар, жолдан тайған кезде, Алла олардың жүректерін тайдырған еді. Алла бүзақы елді тура жолға салмайды.
6. Сол уақытта Мәрйем Үлы Ғиса (Ғ.С.): "Әй Израил үрпақтары! Шын мәнінде иен, сендерге Алланың Елшісімін, алдымдағы Тәуратты растаушы және менен кейін келетін "Ахмед" атты пайғамбарменен шүйіншілеймін" деген еді. Бірақ олар (ол, айтылған) Пайғамбар, оларға ашық дәлелдермен келген кезде: "Бүл ашық жады" деді.
7. Ислам дініне шақырылғанда, Аллаға қарсы өтірік жала жапқаннан кім залымырақ? Сондай-ақ Алла, залым қауымды тура жолға салмайды.
8. Олар, Алланың нүрын өшіруді қалайды. Кәпірлер жек көрсе де Алла нүрын тамамдайды.
9. Ол сондай Алла, мүшріктер жек көрсе де дінін бүкіл діндерге үстем қылу үшін Елшісін туралықпен хақ дінмен жіберді.
10. Әй иүміндер! Сендерге жан түршігерлік азаптан қүтқаратын бір сауда көрсетейін бе?
11. Аллаға, Елшісіне иман келтіресіңдер; малдарыңмен, жандарыңмен Алла жолында күресесіңдер. Егер білетін болсаңдар, осыларың сендер үшін хайырлы.
12. Күнәларыңды жарылқайды. Сендерге астарынан өзендер ағатын бейіштерге; Ғадын жаннаттарындағы орындарға кіргізеді. Зор табыс осы.
13. Тағы басқа сендер жақсы көретін бір нәрсе бар: Алла жақтан бір көмек және жақын бір жеңіс бар. (Мұхаммед Ғ.С.) мүміндерді қуандыр.
14. Әй мүміндер! Алланың (дінінің) көмекшілері болыңдар. Мәрйем үлы Ғиса (Ғ.С.) ның хауариларға: "Алла жаққа көмекшілерім кш7 ,- дегенде, хауарилардың: "Аллаға біз көмекшіміз" дегендеріндей. Сонда Израил трпақтарының бір тобы иман келтіріп, бір тобы қарсы шықты. Иман келтіргендерді, дүшпандарына қарсы қолдадық. Сондай-ақ олар, дүшпандарына үстем болды.
Web hosting by Somee.com