Сүре 64. Тағабүн
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
1. Көктердегі және жердегі нәрселер Алланы дәріптейді. Патшалық Оған тән, мақтау Оган лайық. Сондай-ақ Оның әр нәрсеге толық күші жетуші.
2.
Ол сондай сендерді жаратқан Алла. Сонда кейбіреулерің қарсы келесіңдер де кейбіреулерің иман келтіресіңдер. Алла істеген істеріңді толық көруші.
3. Көктер мен жерді хақиқат бойынша жаратты. Ол, сендерді бейнелегенде көркем бейнелеген. Әрі қайтар жерлерің Сол жақ.
4. Ол, көктер мен жерде болган нәрселерді біледі. Сондай-ақ жасырғандарыңды да әшкерелегендеріңді де біледі. Әрі көкіректегілерді толық біледі.
5. Сендерге бүрынғы қарсы болгандардың әңгімесі келмеді ме? Олар істегендерінің жазасын татты. Олар үшін тағы күйзелтуші азап бар.
6. БҮЛ, өздеріне пайғамбарлары ашық дәлелдермен келгенде: "Бізді адам тура жолға сала ма?",- деп қарсы шығып, бет бүргандықтарының салдарынан. Алла, оларга мүхтаж емес екендігін көрсетті. Өйткені, Алла, мүңсыз, мақтауға лайық.
7. Сондай қарсы болғандар, әсте қайта тірілмейміз деп ойлайды. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Жоқ, Раббыма ант етемін. Әлбетте өлгеннен кейін қайта тірілесіңдер. Сосын сендерге не істегендерің түсіндіріледі. Осылар Аллаға оңай" де.
8. Ендеше Аллаға, Елшісіне және Біз түсірген нүрга иман келтіріңдер. Алла (Т.) істегендеріңді толық біледі.
9. Жиналатын күні; ол күні, сендерді жинайды. Міне сол, кімнің алданғаны ортаға шыгатын күн. Кім Аллаға иман келтіріп, ізгі іс істесе; Алла оның жамандығын жояды да оны астарынан өзендер ағатын бейіштерге кіргізеді. Онда олар мәңгі қалады. Осы зор қол жеткендік.
10. Сондай қарсы келіп, аяттарымызды жасынға айналдырғандар; міне солар, тозақтық болып, онда мәңгі қалады; нендей жаман орын.
11. Алладан бүйрықсыз ешбір қайгы-қасірет болмайды. Ал және кім Аллаға иман келтірсе, оның жүрегін түзейді. Алла барлық нәрсені толық білуші.
12. Аллаға да бой үсыныңдар әрі Елшісіне де бағыныңдар. Егер бет бүрсақдар, Елшімізге насиқат ету ғана міндет.
13. Алла бар. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сондықтан мүміндер, Аллаға тәуекел етсін.
14. Әй мүміндер! Сөзсіз әйелдеріңнен балаларыңнан өздеріңе дүшпан болатындар да бар. Олардан сақсыныңдар. Егер оларды кешірім етсеңдер, шыгыссаңдар, жарылқасаңдар, шәксіз Алла, өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.
15. Шын мәнінде малдарың, балаларың бір сынақ. Үлкен сыйлық Алланың қасындагы. (9-С. 23-А)
16. Сондықтан шамаларың келгенінше Алладан қорқыңдар. (Әмірлерін) тыңдаңдар, бой үсыныңдар. Сондай-ақ тиісті орындарга мал жүмсаңдар; сендер үшін хайырлы болсын. Кім нәпсісінің сараңдығынан сақсынса, міне олар, қүтылушылар.
17. Егер, Аллаға көркем қарыз берсеңдер, (тиісті орынға мал сарып қылсаңдар, 57-С. 11-А.) оны сендер үшін неше есе арттырады әрі сендерді жарылқайды. Алла шүкірлікті багалаушы, өте жүмсақ.
18. Көместі де көрнеуді де білуші. Үстем, хикмет иесі.
Web hosting by Somee.com