Сүре 70. Мағарыж
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
1. Бір сұраушы, болатын бір азапты сүрады. (8-С. 32-А.)
2. Кәпірлер үшін; оны кетіруші жоқ.
3. Ол азап биік дәреже иесі Алладан.
4. Ол жоғаргы орынға періштелер және Жебрейіл (Ғ.С.) мөлшері елу мың жылдық бір күнде шыгады.
5. (Мұхаммед Ғ.С.) енді көркем сабырмен сабыр ет.
6. Олар қияметті үзақ көреді.
7. Біз жақын көреміз.
8. Ол күні, аспан еріген кен сияқты болады.
9. Таулар, түтілген жүндей болады.
10. Дос, достың халін сүрамайды.
11. Олар бір-біріне көрсетіледі. Қылмысты, сол күні, тлдарын ол күннің азабынан (қорқып) төлеуге бергісі келеді;
12. Әйелін де туысын да;
13. Сондай-ақ өзін мәпелеген елін де.
14. Тіпті біртұтас жер жүзіндегі адамдарды беріп, сонан соң өзін қүтқарғысы келеді.
15. Әсте олай болмайды! Шын мәнінде ол тозақ, жалындаған от:
16. Теріні сояды;
17. Ол теріс айналып, бет бүрганды шақырады.
18. Дәулет жинап сақтаған (сараң) ды шақырады.
19. Шын мәнінде адам баласы сабырсыз жаратылган.
20. Басына бір бейнет жетсе, тым төзімсіз.
21. Қашан қолына дәулет түссе, өте сараң.
22. Бірақ намаз оқушылар басқа.
23. Олар сондай намаздарын үдайы орындайды.
24. Сондай олардың малдарында белгілі хақ бар:
25. Сүрағанға да сүрамағанга да. (51-С. 19-А.)
26. Тағы сондай қиямет күнін растағандар.
27. Сондай-ақ олар, Раббыларының азабынан қорқушылар.
28. Шын мәнінде Раббының азабы аман қалатын нәрсе емес.
29. Сондай үятты жерлерін сақтағандар.
30. Бірақ өз әйелдері немесе қолдарындағы күңдері басқа. Расында оларга сөгіс жоқ.
31. Ал сонда кім бүлардан басқаны іздесе, міне сонда олар шектен шығушылар.
32. Тағы олар сондай аманаттарын, уәделерін сақтаушылар.
33. Және олар, куәліктерінде бекем түрушылар.
34. Әрі сондай олар намаздарына үқыптылық істегендер.
35. Міне солар бейіштерде қүрметке бөленетіндер
36. (Мұхаммед Ғ.С.) ал енді сен жаққа мойындарын созып, жүгірген кәпірлерге не болды?
37. Оңнан, солдан топ-топ болып;
38. Олардың әрбірі нығметті үжмаққа кіруді үміт ете ме?
39. Әсте олай емес! Расында Біз оларды өздері білген нәрседен (бір тамшы нәжіс судан) жараттық.
40. Енді шыгыстардың батыстардың Раббына серт! Шын мәнінде әр нәрсеге күшіміз жетеді.
41. Олардың орнына олардан жақсыны ауыстыра аламыз. Сондай-ақ ешкім Бізден оза алмайды.
42. (Мұхаммед Ғ.С.) ендеше оларды қойып қой; оларға уәде етілген күнге дейін сүңгіп ойнай түрсын.
43. Сол күнде олар қабырларынан тез шығып, тігулі көмбеге жүгіргендей жүгіреді.
44. Олардың көздері төмен қарап, өздерін қорлық басады. Міне осы, оларға уәде етілген күн.
Web hosting by Somee.com