Сүре 71. Нұх
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
1. Расында Нүх (Ғ.С.) ты, еліне: "Қауымыңды күйзелтуші азап келуден бүрын қорқыт" деп, жібердік.
2.
(Нүх Ғ.С.): "Шын мәнінде мен сендерге ашық ескертушімін" деді.
3. "Аллаға қүлшылық қылыңдар, Одан қорқыңдар, маған бағыныңдар;"
4. "Күнәларыңды жарылқайды және өздеріңді белгілі бір мерзімге дейін кешіктіреді. (Өмір сүрдіреді.) Егер білген болсаңдар, шын мәнінде Алланың өлшеулі мезгілі жетсе кешіктірілмейді."
5. (Нұх Ғ.С.): "Раббым! Расында мен елімді күндіз-түні шақырдым."
6. "Бірақ шақыруым, олардың қашуын ғана арттырды."
7. "Расында мен оларды Сенің багыштауың үшін шақырған сайын, олар саусақтарын қүлақтарына тыгып, киімдерін бүркенген бойда, қасарысып, паңданған сайын паңданды."
8. "Сосын рас мен оларды қатты дабыстап шақырдым."
9. "Одан кейін мен оларга ашықша да тіпті өздеріне көмес түрде жасырын да айттым."
10. (Сондай-ақ оларга): "Раббыларыңнан жарылқау тілеңцер. Өйткені Ол, өте жарылқаушы." дедім.
11. "Ол, сендерге аспаннан мол-мол жаңбыр жібереді."
12. "Әрі өздеріңді малдар, балалармен қамдайды. Және сендер тшін бақшалар жасап, өзендер ағызады."
13. "Алланың ұлықтығын ойламайтын сендерге не болды?"
14. "Расында Ол, сендерді түрлі жағдайларда жаратты."
15. "Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіңдер ме?"
16. "Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді шам қылды."
17. "Алла, сендерді жерден өсіріп өндірді."
18. "Сосын сендерді, ол жерге қайтарады сонан кейін қайта шығарады."
19. "Алла сендерге жерді төсеніш қылды."
20. "Оның кең жолдарында жүрулерің үшін."
21. Нүх (Ғ.С.): "Раббым! Расында олар маган қарсы келді. Сондай-ақ олар, малдары, балалары өздеріне зияннан басқаны арттырмаған біреулерге ілесті."
22. "Олар зор айлакерліктер істеді."
23. Және олар: "Тәңірлеріңді тастамаңдар; Уад, Суағ, Ягүс, Яғүқ және Насырды әсте тастамаңдар" деседі. (Бұлар, бұттарының аттары.)
24. "Расында олар көпшілікті адастырды. Раббым! Сен де залымдардың адасуларын гана арттыр."
25. Қылмыстарының салдарынан суға батырылды да отқа салынды. Енді олар, өздеріне Алладан өзге көмекші таба алмады.
26. Нүх (Ғ.С.): "Раббым! Жер жүзінде кәпірлерден ешбіреу тұргын қалдырма" деді.
27. "Егер оларды қалдырсаң, қүлдарыңды жолдан адастырады да бүзақы кәпір балаларды гана тудырады;
28. "Раббым! Мені, әке-шешемді, мүмін болып үйіме кірген кісіні және мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді жарылқа! Сондай-ақ залымдардың жоқ болуларын ғана арттыр" деді.
Web hosting by Somee.com