Сүре 73. Мүззәмміл
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
1. Әй бүркеніп жатушы (Мұхаммед Ғ.С.)!
2. Түнде тұр. Бірақ аз үйықта;
3. Түннің жарымын немесе одан да аздап кеміт.
4. Не оған бігаз қос. (Түннің жартысында не одан аз, я көп түруда еріктісің.) Сондай-ақ Қүранды өте анықтап оқы. (Намаз парыз болудан бүрын, түнде ояу түру парыз болган. А.Т.Х.)
5. Әрине саған салмақты (маңызды) Қүранды түсіреміз.
6. Шын мәнінде түнде түру, нәпсіге әсерлі, оқуға қолайлы...
7. Расында күндіз сенің үзын жүмысын бар.
8. Раббыңның атын дәріптеп, әр нәрседен аулақ болып, Оган нағыз жөнел.
9. Ол, шығыстың да батыстың да Раббы. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сондықтан Оны ие түт.
10. Олардың айтқандарына сабыр ет. Олардан сыпайы түрде айрыл.
11. Жасынға шыгтрушы ырыс иелерін Маган таста. Оларға біраз мүрсат бер. (43-С. 23-А.)
12. Расында Біздің алдымызда боғаулар және тозақ бар.
13. Қақалатын тамақ әрі жан түршігерлік азап бар.
14. Сол күні, жер мен таулар қозғалады да таулар құм боп жиналады.
15. Расында Біз Перғауынға пайғамбар жібергендей сендерге де куә түрінде Пайғамбар жібердік.
16. Сонда Перғауын пайгамбарға қарсы келді. Сондықтан оны қатты қинаумен қолға алдық.
17. Егер қарсы келсеңдер, балалардың да шашын ағартатын күннен қайтып сақтанасыңдар.
18. Ол күннің зардабынан көк жарылады, Алланың уәдесі орындалады.
19. Расында бүл бір насихат. Ал енді кім қаласа, Раббының жолын үстайды.
20. (Мұхаммед Ғ.С.) сөз жоқ, Раббың, сенің әрі сенімен бірге болғандардан бір топтың, ттннің тштен екісіне жақынырақ, жартысында, тштен бір шамасында намазға ттрғаныңды біледі. Сондай-ақ Алла, ттнімен күндізді шамалайды. Оған сендердің есептей алмайтындықтарың мәлім. Сондықтан сендерге рахым қылды. (Түнде түруды қалдырды. Б.Ж.М.) Ал енді Қүраннан жеңіл келгенін оқыңдар. Сендерден науқас болғандар, басқалай Алланың мәрхаметінен несібе іздеп, жер жүзінде кезгендер, тағы басқа Алла жолында соғысқандар Аллаға мәлім. Ендеше Қүраннан оңай келгенін оқыңдар. Және намазды толық орындаңдар да зекет беріңдер. Алла үшін көркем қарыз беріңдер. Және өздерің үшін алдын ала хайыр істесеңдер, оны Алланың қасында жақсы, зор сыйлық түрінде табасыңдар. Алладан жарылқау тілеңдер. Шын мәнінде Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.
Web hosting by Somee.com