Сүре 74. Мүддәссір
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
1. (Мұхаммед Ғ.С. алғаш Жебрейіл Ғ.С. ді көргенде қобалжып: "Жабыңдар, мені жабыңдар" деп жамылып жатады. Б.Ж.М.Р.) Әй жамылушы!
2. Түр енді! Адамдарга ескерт!
3. Раббыңды үлықта!
4. Киіміңді тазала!
5. Әр түрлі лас істерден аулақ бол!
6. (Қылған ісіңді) көп міндет қылма.
7. Раббың үшін сабыр ет.
8. Қашан Сүр үрілсе;
9. Міне сол күн, өте ауыр күн.
10. Негізінен қарсы келушілерге қолайсыз. (Қүрайш руынан Мүғайяра үлы Уәлит Қүранды әсерлі жады деген. Б.Ж.Р.М.Х.Т.)
11. Мен жалғыз жаратқан кісіні өзіме таста.
12. Оған көптеген мал бердім.
13. Әзір түратын үлдар бердім.
14. Оның жағдайын кеңітіп, ықпалын арттырдым.
15. Сосын тағы да арттыра түсуімді үміт етті.
16. Әсте болмайды. Өйткені ол, қасарысқан еді.
17. Жақында оны өрге зорлаймын.
18. Өйткені ол, ойластырып, шамалады.
19. Сосын ол өлгір, қалай шамалады?
20. Содан кейін ол жаны шыққыр, қайтып мөлшерледі?
21. Сосын ол, қарады.
22. Содан кейін ол, қабағын шытып, томсарды.
23. Сосын ол, теріс айналып паңданды.
24. Сонда ол: "Бүл, үйретіліп келе жатқан бір сиқыр" деді.
25. "Бұл, адамның ғана сөзі."
26. Оны жағатын тозаққа саламын.
27. Ол тозақтың не екенін қайдан білдің?
28. Кейін қалдырмайды да шала тастамайды.
29. Ол, адам терісін өртеп кетеді.
30. Оған он тоғыз (періште) қарайды.
31. Тозақтың күзетшілерін періштелерден ғана қылдық. Сондай-ақ олардың сандарын қарсы келушілерге анық бір сынау қылдық... Өздеріне кітап берілгендер, сенсін. (Олардың кітаптарында да он тоғыз жазылған. Б.Ж.М.) Әрі иман келтіргендердің сенімдері арта түссін. Кітап иелерімен мүміндер күмәнданбасын. Сондай-ақ жүректерінде дерті болғандар мен қарсы болғандар: "Алла, бүл мысалмен нені қалайды?",- десін. Осылайша Алла, қалағанын адастырып және кімді қаласа, тура жолға салады. Раббың жасақтарының санын өзі гана біледі. БҮЛ адамдар үшін бір насихат.
32. Жоқ олай емес. Айға серт,
33. Қайтқан сәтте, түнге серт,
34. Ағарған сәтте, таңға серт.
35. Шын мәнінде ол тозақ, әрине ірі уақиғаның бірі.
36. Адамдар үшін ескерту.
37. Сендерден ілгері кетуді немесе кейін қалуды қалаган біреулер үшін ескерту.
38. Әркім істеген ісінің орнына үсталады. (52-С.21-А.)
39. Бірақ ғамал дәптері оңынан берілгендер басқа. (56-С. 27-А.)
40. Олар жаннаттарда сүрасады!
41. Қылмыстылардан;
42. "Сендерді тозаққа кіргізген не нәрсе?"
43. Олар: "Біз намаз оқушылардан емес едік."
44. "Әрі міскінді тамақтандырмайтын едік."
45. "Бүзықтыққа кірісушілермен бірге кірісіп жүрген едік."
46. "Қиямет күнін өтірік деген едік."
47. "Өзімізге өлім келгенге дейін (жалғаса берді" дейді.)
48. Сонда оларға шапағатшылардың шапағаты пайда бермейді.
49. Ал оларға насихаттан жалтаратын не болды?
50. Олар мтлде тріккен қтлан сияқты;
51. Арыстаннан қашқан...
52. Жоқ, олардан әрбіреуі өзіне бір ашық нүсқа берілуін қалайды.
53. Жоқ, олар ахиреттен қорықпайды.
54. Олай емес. Шын мәнінде Қүран бір насихат.
55. Кім қаласа, одан тгіт алады.
56. Алла қаламайынша, олар, тгіт ала алмайды. Ол Алла, қорқылуға лайық, жарылқау иесі.
Web hosting by Somee.com