Сүре 77. мүрсәлат
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
1. Жалғасты жіберілгендерге,
2.
Қатты есіп, үшырушыларға,
3. Тарқатқан сайын тарқатушыларға,
4. Айырған сайын айырушыларға,
5. Сосын зікір тастаушыларға,
6. Сылтау түрінде мейлі ескерту түрінде болсын, осыларға серт. (Бүл аяттардағы ант етілген нәрселерді Алла (Т.) ашық баян етпеген. Мүфәссірлер бүл жөнде түрлі көз қарастар білдірген. Мысалы: 1-Періштелер, 2-Желдер, 3-Қүран Кәрим, 4-Пайғамбарлар. Не бәрі жел, не бәрі періштелер...)
7. Шын мәнінде сендерге уәде етілген (қиямет) әлбетте болады.
8. Жүлдыздар сөнген сәтте,
9. Көк жарылғанда,
10. Таулар үгітіліп, үшырылғанда,
11. Пайғамбарлардың уақты жеткен кезде;
12. Қайсы күнге кешіктіріліп еді?
13. Шешім күніне.
14. Ол шешім күнін қайдан білесің?
15. Ол күні, жасынға шығарушыларға нендей өкініш!
16. Бүрынғыларды жоқ етпедік пе?
17. Сосын кейінгілерді де. Солардың аяғын қүштырамыз.
18. Күнәкарларга осылай істейміз.
19. Жасынға шығарушылар үшін сол күні нендей өкініш!
20. Сендерді болымсыз судан жаратпадық па?
21. Сондай оны берік бір жерде (жатырда) етпедік пе?
22. Белгілі бір мерзімге дейін.
23. Оның тағдырын мөлшерледік. Нендей толық ктшке иеміз.
24. Жасынға шыгарушыларға сол қтні нендей өкініш!
25. Жер жтзін бір жиналыс жері қылмадық па?
26. Тірілерге де өлілерге де.
27. Жер жтзінде асқар таулар жасап, сендерді дәмді сумен суардық.
28. Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!
29. (Ол күні оларға): "Өтірік деген нәрселеріңе қарай жүріңдер;"
30. "Үш бунақты түнекке қарай кетіңдер" (делінеді.)
31. Ол, көлеңке болмайды да жалыннан қорғамайды.
32. Өйткені тозақ сарайдай үшқын атады.
33. Сары түйелердей.
34. Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!
35. Ол күні олар сөйлемейді.
36. Сондай-ақ олардың желеулетулеріне рүхсат берілмейді.
37. Жасынға шыгарушыларга ол күні нендей өкініш!
38. Ол шешім күні, сендерді де бүрынғыларды да жинаймыз.
39. Бір әдістерің бар болса, Маған қолданыңдар.
40. Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!
41. Расында тақуалар, саяларда, бастауларда болады.
42. Көңілдері соққан жемістерде.
43. (Оларға): "Істеген ғамалдарың арқасында жеңдер, ішіңдер; сіңімді болсын" (делінеді.)
44. Расында жақсылық істеушілерді осылайша сыйлаймыз.
45. Жасынга шығарушыларға ол күні нендей өкініш!
46. (Әй кәпірлер!) Жеңдер, аздап пайдаланыңдар. Расында күнәкарсыңдар.
47. Жалғанға саюшыларга ол күні нендей өкініш!
48. Оларга: "Иіліңдер" делінсе, иілмейді.
49. Жасынға шығарушыларға, ол күні нендей өкініш!
50. Ал енді олар, бүл Қүраннан кейін қайсы сөзге сенеді?
Web hosting by Somee.com