Сүре 78. Нәбә
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
1. Олар не нәрседен сүрасады?
2.
Зор уақиғадан.
3. Олар, ол жөнде таласуда.
4. Әсте олай емес, олар тез біледі.
5. Тағы олай емес, олар тез біледі.
6. Жерді бір төсеніш қылмадық па?
7. Тауларды қазық... (77-С. 27-А.)
8. Сендерді жүп-жүп жараттық.
9. Үйқыларыңды дем алыс қылдық.
10. Түнді жамылғы қылдық.
11. Күндізді тіршілікке жараттық.
12. Үстеріңе жеті қат берік көк қүрдық.
13. Жарқыраған шырақ (күн) жараттық.
14. Сыгылысқан бүлттардан мол жаңбыр жаудырдық.
15. Онымен дәнді дахылдарды, өсімдіктерді шығару үшін;
16. Және ну бақшалар...
17. Расында билік күні, белгілі болған бір мерзім.
18. Сүр үрілген күні, топ-топ келесіңдер.
19. Көктер сетінеп есіктер пайда болады.
20. Таулар жүргізіліп, сағым болады.
21. Әлбетте тозақ күтіп түрады;
22. Азғындардың барар жері.
23. Олар онда гасырларша түрады.
24. Олар онда салқындамайды да сусын татпайды.
25. Бірақ қайнап түрған су және ірің ішеді.
26. Қылмыстарына сай бір жаза.
27. Өйткені олар, есепке тартылуды ойламаган еді.
28. Аяттарымызды мүлде жасынға шыгарған еді.
29. Әр нәрсені жазып, сақтадық.
30. "Енді татыңдар; ал енді сендерге азаптан басқа еш нәрсе таттырмаймыз" (делінеді.)
31. Негізінде тақуалар тшін қүтылу бар.
32. Бақшалар, жтзімдер бар.
33. Жас өспірім қүрдас қыздар бар. (38-С. 52-А., 56-С. 37-А.)
34. Толып, тасыган кәсе бар.
35. Олар онда бос сөз және өтірік естімейді;
36. Раббыңнан толық бір сыйлық.
37. Көктер мен жердің әрі арасындағылардың Раббы; аса есіркеуші, Оған ешкім тіл қата алмайды.
38. Ол күні Жебрейіл (Ғ.С.) және періштелер, тізіліп түрады. Алланың рүхсатынсыз ешкім сөйлемейді әрі дүрысын ғана сөйлейді.
39. Сол күн хақ. Ендеше кім қаласа, Раббына барар жол түтсын.
40. Негізінде жақын бір азапты ескерттік. Ол күні алдын ала не істегеніне қарайды. Кәпір: "Әттең! Топырақ болып кеткен болсам" дейді.
Web hosting by Somee.com