Сүре 90. Бәләд
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
1. Жоқ,осы(Мекке) қаласына ант етемін;
2.
(Мұхаммед Ғ.С) сен осы қалада отырасың.
3. Әкеге,балаға (Адам Ғ.С мен балаларына) серт!
4. Расында адамзатты әбігер жараттық.
5. ҚӨзіне біреудің күші жетпейді деп ойлай ма?
6. «Толып жатқан мал ысырап еттім» дейді.
7. Оны біреу көрмеді дей ойлай ма?
8. Оған екі көз жаратпадық па?
9. Әрі бір тіл,екі ерін ?
10. Оған екі жол көрсетпедік пе?
11. Сонда ол,кедергіні асуға тырыспады.
12. Кедергінің не екенін қайдан білесің?
13. Ол;құл азат ету,
14. Немесе ашаршылық күнде тамақтандыру;
15. Жақындағы болған бір жетімді,
16. Немесе шаң топырақтағы сорлыны.
17. Сосын иман келтіріп,бірбіріне сабыр меңзегендерден және өзара мейірімділік кеңесін бергендерден болу.
18. Міне осылар; оңшылдар.
19. Сондай аяттарымызға қарсы шыққандар,олар; солшылдар.
20. Олар тозаққа қамалады.
Web hosting by Somee.com