Сүре 95. Тин
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
1. Інжірге және зәйтінге,
2. Тұр Сина тауына,
3. Осы бейбіт қалаға серт.
4. Расында адамзатты көркем байнеде жараттық.
5. Сосын оны төмендердің төменіне қайтардық.
6. Бірақ иман келтіріп,ізгі іс істегендер басқа.Оларға таусылмас сыйлық бар.
7. (Адам баласы!)Бұдан кейін саған дінді өтіріксіндірген не?
8. Алла,үкім етушілердің ең жоғарғысы емес пе?
Web hosting by Somee.com