Сүре 97. Қадыр
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
1. Негізінен Құранды Қадыр түнінде түсірдік.
2. (Мұхаммед Ғ.С) Қадыр түнінің не екенін білесің бе?
3. Қадыр түні мың айдан хайырлы.
4. Періштелер және Жеберейіл (Ғ.С) ол кеште Раббыларының рухсаты бойынша барлық іс үшін түседі.
5. Ол бейбітшілік кеші,таң рауандағанға дейін жалғасады.(Қадыр кеші :Рамазан айының кеші.(2-С.185-А) Б.К.Р.Х.Т)
Web hosting by Somee.com